Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сапарбаев Қордайдағы оқиғадан қанша полицей зардап шеккенін айтты

Опубликовано:

Жамбыл облысының жаңа әкімі Бердібек Сапарбаев үкімет отырысында Қордай ауданындағы жағдай туралы баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Қордайдағы жанжалдан 19 полиция қызметкері зардап шекті
Фото: KAZ.NUR.KZ: Depositphotos

Сапарбаевтың сөзінше, бүгінгі таңда Қордай ауданында медициналық мекемелерге келіп, көмек сұрап жатқан жандар бар.

"Бүгінгі таңда жалпы аудандағы жағдай тұрақты. Құқық қорғау органдары жергілікті атқарушы органмен бірлесе жұмыс жасауда. Бес күнде 178 адам, оның ішінде 19 полиция қызметкері көмекке жүгінді. 10 адам қайтыс болды. Комиссия мүшелері мемлекет басшысының атынан көңіл айтты. Сондай-ақ, Қордай ауруханасында 13 адам, Алматыда - 20 адам медициналық көмекке қатысты. Қырғызстанда жүрген адамдарды Алматы мен Таразға ауыстырдық. Қазір ол жерде адамдар жоқ", - деді ол.

Оның сөзінше, Алматыдан Қордайға "өте танымал дәрігерлер" келіпті.

Қазір біз жергілікті халықтың көмегімен үйлер мен коммерциялық нысандарды тексерудеміз. Біз сіздерге көмек көрсету бойынша ұсыныстар береміз. Халықпен кездесіп, оларға қанадй көмек көрсетілетінін түсіндірдік. Барлығы жағдайды түсініп тұр. Болашақта осындай жайттар қайталанбас үшін кеше ақсақалдармен кездесіп, сөйлестік. Үш күн ішінде тұрғындар Қырғызстанға кеткен. Кешелі бері барлық мектептер, балабақшалар қалыпты режимде жұмыс істейді. Барлық дүкендер өз жұмысын бастады", - деп түсіндірді облыс әкімі.

Сондай-ақ Сапарбаев қазіргі таңдағы үйлердің және сауда нысандарының құрылысына жергілікті кәсіпкерлер мен халықтың жұмылдыралытынын айтып өтті.

Біз Қордай ауданынан шыққан бизнесмендермен жұмыс істейміз. Олар көмектесуге дайын. Олардың мүмкіндігін қолданамыз. Барлық жағдай жіті бақылауға алынды. Барлығы жақсы болады деп ойлаймын. Кейбір қиындықтар бар", - деп түйіндеді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қордайда тынымсыз жұмыс істеген Сапарбаевтың өз туған күнін ұмытып кеткені туралы хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840380-kordajdagy-zanzaldan-19-policia-kyzmetkeri-zardap-sekti/

pixel