Тәуекел Мүсілім: Балалы болуға әлі әрекет жасап жатқан жоқпыз
Жарияланған күні:
Жақында ғана үйіне келін түсірген Тәуекел Мүсілім келіншегі екеуі әлі ата-ана атануға асығар емес екенін айтып қалды. Жас жұбайлар балалы болудың қамын үйлену тойдан кейін бір-ақ қолға алмақ ниетте. Алайда, актер әкелік қызметіне толыққанды дайын болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.
Тәуекел Мүсілім сәбилі болудың қамын тек дүбірлі ойдан кейін қарастыратындарын жасырмады. Ол көпшілік басқаша ойлап қалмау мақсатында осы шешімге келген.
"Әке атануға дайынмын деп ойлаймын. Қалаймын. Күтіп жатырмын. Күтіп жатырмын дегенде, қалай әлі әрекет жасаған жоқпыз. Той болсын, тойдан кейін деп жатырмыз. Өйткені адам деген көпшілік басқаша түсініп қалуы мүмкін да. Тоғыз айды санайтындар бар ғой тойдан кейін. Мына айда өтті неге тоғыз ай емес деген сияқты. Сол себептен бізде асыққымыз келмейді" , - деді актер.
Оған қоса, шоу-бизнес серісі анасы мен жарының қарым-қатынасы туралы да тың мәліметпен бөлісті.
"Енді оны мен шыны керек айта алмаймын нақты, қалай екенін. Барынша егер өз жағымнан айтатын болсам, мен жаңағы Махаббатқа да ешқандай бір қысым болмаса, бір ыңғайсыз болмасын деген сияқты. Әйтеуір екі жақты жүрмін ғой. Анамда көңілі тоқ болсын, Махаббаттың да көңілі тоқ болсын. Жалпы қарым-қатынас жақсы ғой" , - деді Тәуекел.
Айта кетейік, бұған дейін Тәуекел Мүсілімнің әйеліне қандай талап қойғанын жазған болатынбыз. Өнер иесі отбасылы болғандықтан, қазіргі таңда үйіне асығатын болғанын жасырмады.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1840436-tuekel-msilim-balaly-boluga-li-reket-zasap-zatkan-zokpyz/