RU
Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік: Зардап шеккен қарияның жағдайы белгілі болды

Қордайдағы жаппай тәртіпсіздік: Зардап шеккен қарияның жағдайы белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Қордай ауданындағы оқиғадан зардап шеккен Төлеген Құдашпаевты ауруханадан шығаруға дайындап жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап.

Видеодан кадр/Facebook/Азамат Ерғали

Видеодан кадр/Facebook/Азамат Ерғали

Бұл туралы Қазақстанның денсаулық сақтау министрінің орынбасары Камалжан Надыров мәлім еткен.

"Кеше біз көпбейінді клиникалық ауруханада жатқан науқастың жағдайын білдік. Ол қарт кісі. Ақсақалға ота сәтті жасалды. Бүгін ол жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Оның жағдайы қанағаттанарлық. Біз оны ауруханадан шығаруға дайындап жатырмыз", - деді ол.

Еске сала кетсек, Қордай ауданындағы жаппай тәртіпсіздік салдарынан 10 адам мерт болды.

Соңғы деректерге сәйкес, медициналық көмекке 178 қазақстандық жүгінген. 19 құқық қорғау органдарының қызметкерлері зардап шегіп, оның жартысы оқ жарақатын алған.

Аталған жағдайдан соң 25 қылмыстық іс қозғалған. Әзірге ұсталғандардың нақты саны белгісіз.

Кейінірек зардап шеккен ақсақалдың ұлдары өз шындықтарын айтып берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel