RU

Әлия Назарбаева желіде анасы жайлы әсерлі жазба қалдырды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлия Назарбаева желіде анасына жантебірентерлік жазба арнап, туған күнімен ерекше құттықтады. Сондай-ақ, ол Сара Алпысқызы мен Елбасының көп кездесе бермейтін тың суретін көпшілік назарына ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлия Назарбаева желіде анасы жайлы әсерлі жазба қалдырды (фото)

Фото: instagram.com/aliya_nazarbayeva_official

Instagram-дағы жазбасында Әлия Назарбаева анасы Сара Алпысқызының: "Қаншалық көп махаббат берсеңіз, соншасы өзіңізге қайтып оралады" деген сөзін қолданған.

"Туған күніңізбен, анашым! Махаббат пен даналығыңыз үшін рақмет!", - деп жазды ол сөз соңында.

Жазба Сара Алпысқызы мен Елбасының көп кездесе бермейтін суретімен бірге жарияланған.

Небәрі бір сағатта Назарбаеваның жазбасы 4,5 мың лүпіл жинаған.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Сара Алпысқызы Назарбаева 79 жасқа толды. Ол Қарағанды маңындағы кішігірім ауылда дүниге келді.

Сара Алпысқызы 1962 жылы оқуын тәмамдай сала еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы атанып, үш қызды тәрбиелеп өсірді.

Сара Алпысқызы елде қайырымдылық қызметімен де танымал. Ол 1992 жылы "Бөбек" қорын құрып, 1994 жылы "SOS - Қазақстанның балалар ауылы" қорын басқарып, бес жылдан кейін "Демография" қорының қамқоршылық кеңесінің төрайымы болды.

Сонымен қатар, ол адамгершілік-рухани құндылықтарды жаңғыртуға, сондай-ақ балаларды үйлесімде өмір сүруге үйретуге бағытталған "Өзін-өзі тану" курсын білім беру жүйесіне енгізудің бастамашысы және авторы болды.

Айта кетейік, Әлия Назарбаева бұған дейін анасымен және әпкелерімен түскен мұрағаттағы суретті көрсеткен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әлия Назарбаева желіде анасы жайлы әсерлі жазба қалдырды (фото)
Mailfire view pixel