Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаным, бізде бәрі жақсы болады": Көкшетауда романтикалық баннер пайда болды (фото)

Опубликовано:

Көкшетау қаласындағы орталық көшелердің бірінде "Жаным, бізде бәрі жақсы болады" деген баннер пайда болды. Тұрғындар бұған дейін мұндай романтикалық билбордты облыс орталығынан көрмегендерін айтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы BaigeNews.kz басылымына сілтеме жасап.

Фото: baigenews.kz
Фото: baigenews.kz: UGC

Басылымның мәліметінше, баннердегі бойжеткен - 27 жастағы Балауса есімді ару.

Ол Бурабайда демалып келгеннен кейін өзінің суреті бейнеленген баннерді көріп, қатты таңғалған.

Ал оның жігітінің есімі - Қанат. 31 жастағы ер адам әрқашан өлең оқып, гитарада ойнап қызының көңілін көтереді екен. Ол сүйіктісін таңғалдырудан жалықпайтын көрінеді.

Жастар 6 ай бұрын танысыпты. Қазіргі уақытта олар отбасалы болуды жоспарлап жүр.

Екеуі үшін де бұл екінші неке болмақ. Балаусаның егіз ұлдары бар. Ал жігіті бір баланың әкесі.

Балаусаның сөзінше, Қанаттың ең көп айтатын сөздерінің бірі "бізде бәрі жақсы болады".

Көкшетау қаласы Әуелбеков көшесінде орналасқан романтикалық баннер осыны еске салады екен.

Айта кетейік, осыған дейін Ресей құрамасы мен мәскеулік "Локомотив" клубының шабуылшысы Федор Смолов елдің бұрынғы президенті Борис Ельциннің 17 жастағы немересі Мария Юмашеваға үйлену туралы ұсыныс жасағанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840626-zanym-bizde-bri-zaksy-bolady-kksetauda-romantikalyk-banner-pajda-boldy-foto/

pixel