RU
"ЭКО көмектеспеді": Оралдық келіншек 40 жасында қалай ана атанғанын айтты

"ЭКО көмектеспеді": Оралдық келіншек 40 жасында қалай ана атанғанын айтты

Рассказать Вконтакте

Қырық жасына дейін бала сүйе алмай, кейін Алланың құдыретімен ана атанған оралдық Ләззат Махамбетқызы KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берді. Анасы мен сіңлісіне қарайласып, ұзақ уақыт бойы оң босағада отырған ол жасы отыздан асқанда өмірлік жұбын кездестіргенін және қалай қызды болғанын айтып берді.

"ЭКО көмектеспеді": Оралдық келіншек 40 жасында қалай ана атанғанын айтты

Ләззат Махамбетқызы жанұясымен. Фото: жеке мұрағаттан; коллаж: KAZ.NUR.KZ

Бүгінде жарасымды жұп бес жасар Инабат есімді қыздарын тәрбиелеуде. Ләззат пен оның жұбайы бұл қуаныштарын ұзақ күткен.

«Өзім Батыс Қазақстан облысының Казталовка ауданы, Жалпақтал ауылында 1975 жылы дүниеге келдім. Кейін Сырым еліне келін боп түскен жайым бар.

Әрбір қыз баланың арманы – жоғары білім алып, маман болудан бөлек, аяулы жар, ибалы келін атану емес пе?! Менің де осындай тілегім ұдайы жүрегімде болды.

Алайда әкем дүниеден өткен соң, анам мен сіңліме қарайласып, ұзақ жүріп қалдым. Күнделікті күйбең тіршіліктен қол босамай, тұрмысқа шығу туралы жоспарым кейінге ысырыла берді.

Алланың қалауымен, 35 жасымда өмірлік жан-жарымды кездестірдім. Бүгінде екеуміз аяулы қызымыз Инабатты тәрбиелеп отырмыз. Бірақ мұндай бақытқа қол жеткізу оңай болған жоқ», - дейді Ләззат Қарина.
"ЭКО көмектеспеді": Оралдық келіншек 40 жасында қалай ана атанғанын айтты

Ләззат Махамбетқызы жанұясымен. Фото: жеке мұрағаттан

Ләззат балалы болуды аңсап, түрлі дәрігерлердің, емшілердің алдына барған. Тіпті, Ресейде жасатқан ЭКО да ол үшін сәтсіз аяқталыпты.

«Бірнеше жыл бойы бала көтере алмағаным мен үшін үлкен соққы болды. Бармаған жерім, баспаған тауым қалмады.

Білікті медицина мамандары, емші, тәуіп дегеннің табалдырығын тоздырдым. Қаражатымды жинап, Ресейдің Самара қаласында ЭКО жасатқанмын. Ол да жемісін бермеді.

Осылай тауым шағылып, өмірден баз кеше бастағанда оралдық емші – Ұмай ана Анар туралы естідім. Ол туралы жағымды пікірлер көп екен.

Жолдасым екеуміздің соңғы үмітіз Анарда еді. Қуанышқа қарай, Алла тілегімізді қабыл алды», - дейді ол.

Ұмай ана Анардың емінен соң Ләззат көп ұзамай жүкті аналар қатарына қосылған.

«Қыс айларында емделу үшін Анарға келдім. Кейін 2-3 айдан соң жүкті екенімді білдім. 2015 жылдың 22 желтоқсанында қызымыз Инабат дүниеге аман-сау келді.

Жолдасым екеуміз үшін өмірде бұдан асқан бақыт жоқ еді. Алдымен Алланың, кейін Анардың аялы алақаны мен дұға-тілектерінің арқасында бала сүйдім деп айта аламын.

Бүгінде бала сүйе алмай жүрген келіншектер елімізде өте көп. Бұл өкінішті жағдай. Оларға еңселеріңді түсірмей, жақсылықтан үміттеніңдер дегім келеді. Ана атанудың ешқандай да ерте-кеші жоқ. Бұл бақытқа әрбір әйел адам лайықты», - дейді ол.

Айта кетелік, бүгінге дейін бес мыңнан аса әйелдің жүкті болуына себепкер атанған Ұмай ана Анар туралы материал KAZ.NUR.KZ сайтында жарық көрген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel