Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көрікті әнші арумен суретін жариялаған Димаш елді қызықтырып қойды

Опубликовано:

Ғажайып даусымен қазақ атын күллі әлемге паш етіп жүрген өнер иесі Димаш Құдайберген жанкүйерлерін тағы да таңғалдырды. Эстрада жұлдызы Instagram парақшасына әнші арумен түскен суретін жүктеп, оқырмандарын қызықтырып қойды. Әдетте, тек бір өзінің фотосын жариялайтын әнші бұл жолы қызу талқыға түсті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото. Instagram/kudaibergenov.dimash. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото. Instagram/kudaibergenov.dimash. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Димаш Құдайберген өзінің жаңа фотосымен жанкүйерлерін ойландырып қойды.

Қазақстандық тума талант көрікті бойжеткенмен суретке түскені үшін желіде қызу талқыға қалды.

"Қандай тәттісіңдер" , "Қыздармен фото көбейе бастады" , "Әдемі қыз екен" , "Саған кім болып келеді?" , "Осы қызды келіндікке алу керек сияқты" , "Екеуі де әдемі, екеуі де сондай талантты" , "Халықты өнерлеріңмен тәнті етуді жалғастыра беріңдер" , "Бұл қыз кім?" , "Арулардың фотосы жиілеп кетті" , - деп жазуда желі қолданушылары.

Оқырмандар әншіні бірден сұрақ астына алып, бейтаныс арудың кім екенін анықтауға кіріскен.

Алайда Димаш жанкүйерлер қамын ойластырып қойған болып шықты. Ол фото анықтамасына сылқымның өзіне дос болып келетінін жазған. Оның үстіне суреттегі арудың Мария Мудряк есімді опера әншісі екені анықталды.

Димаштың айтуынша, екеуі өте жақсы дос екен.

Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайбергенннің бейнеклипіне түскен гимнаст ару өз-өзіне қол жұмсамақ болған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1840954-bejtanys-arumen-tsken-suretin-zarialagan-dimas-kdajbergen-eldi-kyzyktyryp-kojdy/

pixel