Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайдан бастау алған коронавирус әлем халқының үштен екісіне жұғуы мүмкін

Опубликовано:

Қытайдан бастау алған COVID-19 деп аталатын коронавирус инфекциясы жер шарында кеңінен таралуы мүмкін. Гангонг ғалымы жаңа вирустың алдын алмаған жағдайда әлем халқынының 60 пайызы қауіпті дертке шалдығады деп дабыл қақты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы хабарлайды.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Жетекші эпидемиолог Габриэль Люн Дүниежүзілік денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тедрос Адханом Гебреисустың Қытайда бұрын-соңды болмаған адамдарда басталып жатқан инфекция "айсбергтің ұшы" деген мәлімдемесін тыңдағаннан кейін осындай жағдайға келді

The Guardian басылымының жазуынша, Люн аурудың таралуын бақылауды одан әрі күшейту қажеттігін баса айтты.

Ол бар күштерді әлемнің басқа елдерінде коронавирустық инфекцияның жаңа ірі ошақтарының пайда болуына дайын болу үшін "осы айсбергтің мөлшері мен нысанын" зерттеуге жіберуге шақырады..

Сарапшының пікірінше, індет осы таралу жылдамдығымен әлем тұрғындарының 60 пайызын қамтуы мүмкін. Бүгінгі таңда Жер шарында шамамен 7,57 миллиард адам барын ескерсек, оның үштен екісі, яғни 4,5 миллиардына қауіп төніп тұр деген сөз.

Доктор Люн Қытайдың шектеу шаралары әрқашан тиімді бола бермейтіндігіне сенімді және егер тарату шыңы әлі шешілмеген болса, оның нәтижелері апатты болуы мүмкін.

Габриэль Лун коронавирустардың түрлерімен күресуде мол тәжірибеге ие маман болып табылады. Ол SARS вирусын емдеудің тиімді әдістерін ойлап тапқан жетекші ғалымдардың бірі.

Еске сала кетсек, соңғы мәліметтер бойынша, жаңа вирустан қаза тапқандардың саны 1488 адам болды.

Ал қауіпті дерттің ошағы болып саналатын Қытайдың Хубэй провинциясында коронавирустың жаңа түрін жұқтырғандар шамамен 52 мың адамға жетті.

Айта кетейік, осыған дейін Гонконгта мамандар коронавирустың кәріз құбырлары арқылы таралып жатқанын болжады.

Ал 218 жолаушысы коронавирус жұқтырған Diamond Princess круизді лайнерінде Қазақстан Республикасының төрт азаматы бар болып шықты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1840977-kytajdan-bastau-algan-koronavirus-lem-halkyny-sten-ekisine-zguy-mmkin/

pixel