jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Мамандар коронавирустың тағы бір таралу жолын анықтады

: Facebook

Гонконгта мамандар коронавирустың кәріз құбырлары арқылы таралып жатқанын болжады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

11 ақпанда Гонконгтың денсаулық сақтау саласындағы шенеуніктері вирустың ғимараттағы құбырлар арқылы таралу қаупіне орай көпқабатты үйдің тұрғындарын ішінара эвакуациялаған.

Мамандар мұндай шешімді ешқашан Уханьға бармаған және науқастармен байланыста болмаған 62 жастағы әйелден пневмония анықталғаннан кейін қабылдаған.

Кейіннен ол әжеймен бірге тұрған туыстары да ауруханаға жатқызылған.

Ал әйел адамның 75 жастағы көршісінен бұған дейін осы вирус анықталған, олардың кәріздері ортақ болған. Мамандардың пікірінше, бұл – аурудың таралуы мүмкін болған жалғыз жол. Егер олардың болжамы расталса, халық тығыз орналасқан қалаларда жүздеген адамның үйлерінен шықпай-ақ вирусты жұқтыру қаупі бар.

Айта кетейік, 2002 жылы Гонконгта ауыр әрі өткір респираторлық синдромның өршуі кезінде аурудың кәріз жүйесі арқылы таралуы тіркелген болатын.

Еске сала кетейік, 2019 жылғы 31 желтоқсанда Қытай билігі Ухань қаласында пневмонияның өршуі туралы мәлімдеді. Аурудың қоздырғышы – коронавирустың жаңа түрі 2019-nCoV екені анықталды. Жақында оған ресми атау берілді.

Сондай-ақ бүгін брифингте ҚХР-дың денсаулық сақтау істері бойынша мемлекеттік комитетінің өкілі Ли Синван коронавирустың жаңа түрі адам ағзасына көздің шырышты қабығымен байланыс арқылы енуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мамандар коронавирустың тағы бір таралу жолын анықтады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.