jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Қытайда коронавирус жұқтырғанын жасырған адамдар өлім жазасына кесіледі

: Facebook

Бұдан былай Қытай үкіметі коронавирусты жұқтырғанын жасыру мен халық арасында ауруды тарату фактілерін ауыр қылмыс ретінде қарастырады. Аталған әрекеттер үшін кінәлі деп танылған адам өлім жазасына кесіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Geovien so/SOPA Images/LightRocket via Getty Images
Фото: Geovien so/SOPA Images/LightRocket via Getty Images: UGC

ҚХР билігі барлық науқас азаматтар үшін ел ішінде пойыз, ұшақ және автобуспен жол жүруге тыйым салды. Жөтел және дене қызуы көтерілген барлық адамдар осы санатқа жатқызылады.

Сондай-ақ Қытай соты азаматтардың өз сапарларының бағыт-бағдарын жасыруын қылмыс ретінде қарастыруға мүдделі. Жоғарыда аталған іс-әрекеттер қылмыстық кодекстің қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіру туралы бабына жатқызылады деп жазды Deutche Welle.

Қытайда бұл қылмыстар үшін 10 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру, ал жекелеген жағдайларда өлім жазасын белгілеу қарастырылады.

Саяхаттан келген барлық қытайлықтар дәрігердің қарауымен немесе өз үйінде екі апта бойы мәжбүрлі түрде бақылаудан өтуі тиіс. Бұл талаптан бас тарту қылмыс ретінде бағаланады.

Айта кетейік, Қытайдың денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитетінің жаңартылған деректеріне сәйкес, 2019-COVID коронавирустық инфекциясынан қаза болғандар саны 1665-ке жетті, тәулік ішінде 2009 адам ауруды жұқтырған.

Сондай-ақ елімізде биылғы 2 ақпанда Қытайдың Ухань қаласынан эвакуацияланған 83 қазақстандық пен шетелдік үшін карантин аяқталғанын жазғанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қытайда коронавирус жұқтырғанын жасырған адамдар өлім жазасына кесіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.