RU

Аша Матайдың ағасы сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Белгілі әнші, тележүргізуші Аша Матайдың туған ағасы Айдар Асқарбек сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасаған. Оның қалауы өнерде жүрген бойжеткендердің біріне түскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Newtimes.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Басылымның мәліметінше, Айдар Асқарбектің болашақ жұбайының есімі - Жарқынай Ханайым. Ол көпшілікке әнші әрі актрисалық қырынан танылған.

Жарқынай Ханайым 2016 жылы белгілі продюсер Баян Алагөзованың тәлімгерлігінде болған. Көп ұзамай әнші мен продюсер бірлесіп жұмыс істеулерін тоқтатып, Жарқынай продюсердің қарамағынан кеткен.

Алайда былтырғы жылы продюсер Жарқынай Ханайымды актриса ретінде жұмысқа шақырып, ол "Рауза" телехикаясында басты рөлді сомдаған.

Ал әншінің телехикаядағы жұбын Аша Матайдың үлкен ағасы Айдар Асқарбек сомдаған. Осылайша олардың кинодағы махаббаты шынайы сезімге ұласқан.

Оған дәлел актрисаның парақшасындағы өнер иелерінің бірге түскен суреттері болып отыр.

Сонымен қатар Жарқынай Ханайым тағы бір суреттерінде "Біздің махаббатымызды баяндайтын ән" деген жазба қалдырған.

Басылым берген мәліметке сәйкес 14 ақпан күні Айдар Асқарбек сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасаған.

Еске сала кетейік, өткен жылы тележүргізушінің інісі шаңырақ көтерген болатын. Асылжанның таңдауы Ақжан есімді бойжеткенге түскен.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Аша Матайдың ағасы сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады (фото)
Mailfire view pixel