RU

Қытай билігі коронавирус ошағынан жиналған ақшаны жоя бастады

Қытай билігі коронавирус ошағына айналған аудандардан жиналған ақшаның бір бөлігін жойып тастауға шешім қабылдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

китай
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Нақты қанша қолма-қол ақшаның жойылатыны әзірге айтылмаған. Дегенмен бұл инфекция таралған ауруханалар, базарлар, автобустар мен басқа да жерлерден жиналған банкноттар екені белгілі болып отыр. Бұл ақшалар Гуанчжоуда жойылмақ.

Қытайдың Орталық банкі коммерциялық несиелік ұйымдарға ақшаны инфекция тараған аудандардан басқа жерде сақтауды тапсырды.

Жойылмайтын банкноттар дезинфекцияланады. Ақша ультракүлгін сәулемен өңделіп, қайтадан айналымға шығарылғанға дейін екі апта ішінде карантинге қойылады деп жоспарлануда.

Еске сала кетсек, соңғы мәліметтерге сәйкес, коронавирустың салдарынан көз жұмғандар саны 1873 адамға жетіп, вирусты жұқтырғандар саны 73 мыңға өскен.

Сондай-ақ Уханьдағы уақытша медициналық мекемелердің бірінің басшысы коронавирус дертінен қайтыс болғаны хабарланды.

Сонымен қатар 17 ақпанда коронавирус ошағына айналған Хубэй аймағының билігі жаяу жүргіншілер мен транспорттың барлық түріне қозғалуға тыйым салғаны белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1841509-kytaj-biligi-koronavirus-osagynan-zinalgan-aksany-zoa-bastady.html