Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда полиция қызметкері асылып қалды

Жарияланған күні:

Солтүстік Қазақстан облысында кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі полиция инспекторы Асқар Назыров асылып қалды. 29 жастағы тәртіп сақшысы облыс орталығындағы жалдамалы пәтерде өз-өзіне қол жұмсаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Петропавловск.news-ке сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жайтты растап отыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері арнайы тексеріс барысында анықталады.

"15 ақпан күні облыс орталығындағы жалдамалы пәтерде 1991 жылы туған Смирново елді мекенінің тұрғыны өз-өзіне қол жұмсаған. Аталған факт ҚР ҚК-нің 105 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Аққайың аудандық полиция бөлімі қызметкерінің өліміне қатысты жеке қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеруді бастады. Тергеудің барысын полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев өз бақылауына алды", – деп мәлімдеді СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Дереккөздің мәліметінше, бүгін, 18 ақпанда Асқар Назыров жер қойнына тапсырылды.

Еске сала кетейік, былтырғы желтоқсан айында Ақмола облысы Есіл қаласындағы қонақ үйдің қызметкерлері бөлмелердің бірінде асылып қалған қостанайлық әйелді тапқанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1841612-petropavlda-policia-kyzmetkeri-asylyp-kaldy/