RU

Жәнібек Әлімханұлы екі тұжырымдағы әлем чемпионымен жұдырықтаспақ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген отандасымыз Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жектегі қарсыласы анықталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: Боксшының желідегі жеке парақшасы

Фото: Боксшының желідегі жеке парақшасы

Спорт сайтының мәліметінше, Жәнібек Әлімханұлы 28 наурыз күні 26 жастағы америкалық Димитриус Баллардке қарсы шығады.

Қуанышты жаңалықты ESPN журналисі Стив Ким жанкүйерлермен бөліскен.

"28 наурызда Монреальда Артур Бетербиев титулын қорғайтын кешті Жәнібек Әлімханұлы мен Димитриус Баллард жекпе-жегі ашатындығы айтылуда", - деді ол Twiiter желісіндегі парақшасында.

Бұны боксшының өзі де Instagram желісіндегі парақшасында растады.

"Келесі жекпе-жек 28 наурызда Канадада өтеді, бұйыртса. Екі тұжырымда әлем чемпионы Артур Бетербиевтың андеркартында жұдырықтасамын. Дайындық қызу жүріп жатыр", - деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.

Осыған дейін қазақстандық боксшымен кездесуден Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы Стив Роллс бас тартқан болатын.

Еске сала кетсек, бұған дейін отандасымыз келесі кездесуінің қай күні болатынын хабарлаған еді.

Осыдан кейін отандық БАҚ беттерінде Жәнібек пен Қанат Ислам арасындағы жекпе-жек болуы мүмкін екендігі жазылды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жәнібек Әлімханұлы екі тұжырымдағы әлем чемпионымен жұдырықтаспақ
Mailfire view pixel