Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қос қазақ: Қанат Ислам мен Жәнібек Әлімханұлы жұдырықтасуы мүмкін бе

Опубликовано:

Кәсіпқой бокста атой салып жүрген қазақстандық қос боксшы Қанат Ислам мен Жәнібек Әлімханұлы жақын арада жұдырықтасуы мүмкін деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Боксшылардың Instagram желісіндегі жеке парақшасы
Фото: Боксшылардың Instagram желісіндегі жеке парақшасы: Instagram

Бұл туралы Аtameken.business арнасы Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазды.

"Бір салмақта өнер көрсететін екі боксшы WBO тұжырымы бойынша чемпиондыққа жақындап келеді. Рейтингте Қанат Ислам 4-орында, Жәнібек Әлімханұлы 5-орында тұр. Екеуінде де осы тұжырымның құрлықаралық белбеуі бар. ⠀ Ал әлем чемпионы - Деметриус Андраде. Екеуінде де чемпионмен шығу ықтималдылығы өте төмен. Өйткені, олар Америкада танымал емес. Ал чемпионмен шығудың ең тиімді әрі төте жолы - оған міндетті қарсылас атану. Сол себепті, қос қазақтың міндетті қарсылас атанып, рингте кездесу мүмкіндігі өте жоғары. Тіпті бұл оқиға биыл не келер жылы болуы мүмкін", - делінген мәтінде.

Еске сала кетсек, Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың 26 қазанында Алматыда өткізіп, намибиялық Уолтер Каутондокваны төрешілердің шешімімен жеңді.

Осыдан кейін боксшы келесі кездесуі наурыз айына жоспарланғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ, Жәнібек Әлімханұлы да алдағы жекпе-жегі туралы айтып берді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1840673-kls-kazak-kanat-islam-men-znibek-limhanly-zdyryktasuy-mmkin-be/

pixel