RU

Алматы әуежайы маңында заңсыз салынған үйлер: Аудан әкімінің орынбасары қамауға алынды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет үш жыл бұрын Алматы халықаралық әуежайы аймағында қүрылыс салу сызбасына келіскен Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары уақытша ұстау изоляторына қамалғанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

антик

Көрнекі фото: NUR.KZ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтегілердің мәліметінше, Рыспеков есімді әкім орынбасары бұрынғы қызметінде өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.

Ол 2017 жылы Талғар ауданы қала құрылысы және сәулет бөлімін басқарған. Тергеу нұсқасына сәйкес, Алматы әуежайы маңындағы 16 үйдің құрылысының сызбасына келіскен.

Осы сызба негізінде тұрғындар жер учаскелерін өз меншігіне алған. 16 учаске 1 гектар жерді алып жатыр.

Қазіргі уақытта шенеунік тұтқынға алынып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Тергеу жалғасуда.

Бұған дейін Алматы әуежайы маңында жер телімдерін заңсыз беру дерегі бойынша тергеу басталғаны хабарланған.

Еске сала кетсек, 27 желтоқсанда Bek Air әуе компаниясының Fokker-100 ұшағы апатқа ұшыраған еді.

Сол кезде компания басшысы Нұрлан Жұмасұлтанов ұшақтың шассисіз де, қозғалтқышсыз да қона алатынын айтып, "құрылыс нысанымен соғыспағанда бәрі аман қалар еді" деген болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы әуежайы маңында заңсыз салынған үйлер: Аудан әкімінің орынбасары қамауға алынды
Mailfire view pixel