RU

Әлемдегі ең бай актерлердің тізімі жарияланды

Ceoworld журналы әлемдегі ең бай актерлердің 2020 жылғы тізімін жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Хабар24-ке сілтеме жасап.

Фото: instagram/tomcruise
Фото: instagram/tomcruise: Depositphotos

Биылғы жылдың ең бай актері атағы америкалық актер Том Крузге бұйырды. Оның байлығы 570 млн доллар.

Актер қалың көпшілікке "Тәуекелді іс" (1983), "Top Gun" (1986), "Жаңбыр адамы" (1988), "Джерри Магуайр" (1996) және "Магнолия" (1999) фильмдері арқылы танымал.

Айта кетейік, Круз үш рет "Алтын глобус" премиясының жүлдегері және үш рет "Оскар" номинанты болған.

Екінші орында "Жедел жәрдем" сериалы мен "Түн батқаннан таң атқанға дейін" фильмі арқылы танымал Джордж Клуни тұр.

Оның байлығы 500 млн долларды құрайды. Джордж Клуни "Алтын глобус", "Оскар" премияларының лауреаты.

Ал алғашқы үштікті байлығы 425 млн доллар бағаланған Мел Гибсон тәмәмдады.

Ол "Батыл жүрек" фильмі үшін екі рет "Оскардың" және "Алтын глобус" премиясының лауреаты атанған.

Еске сала кетейік, 10 ақпанда "Оскар-2020" марапаттау рәсімі өтіп, жылдың ең үздік актері атағы режиссер Тодд Филлипстің "Джокер" фильмінде басты рөлді сомдаған Хоакин Феникске бұйырды.

Ал ең үздік актрисасы атағын "Джуди" картинасындағы рөлі үшін Рене Зеллвегер алды.

Әйгілі Бред Питт екінші пландағы үздік ер адам рөлі үшін "Оскар" сыйлығын иеленді.

Фото: Хабар24
Фото: Хабар24: Depositphotos

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1841999-lemdegi-e-baj-akterlerdi-tizimi-zarialandy.html