Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бред Питт екінші пландағы үздік ер адам рөлі үшін "Оскар" сыйлығын алды (фото)

Опубликовано:

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында 92-рет өтіп жатқан "Оскар-2020" сыйлығын марапаттау рәсімі басталды. Алғашқы болып сыйлықты екінші пландағы рөлді үздік орындағаны үшін актер Брэд Питт иеленді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бред Питт екінші пландағы үздік ер адам рөлі үшін "Оскар" сыйлығын алды (фото)
Фото: ТАСС: UGC

Айта кету керек, екінші пландағы үздік ер адам рөліне "Ирландец", "Два Папы" және "Прекрасный день по соседству" фильмінің актерлері де таласты.

Брэд Питт өз сыйлығын "Однажды в Голливуде" фильмінде сериалдар жұлдызының көмекшісі рөлін сомдағаны үшін алды. Лентадағы басты рөлді теңдесі жоқ Леонардо ДиКаприо сомдады. Естеріңізге сала кетейік, бұл картина "үздік фильм" сыйлығына ең басты үміткерлердің бірі болып табылады.

"Квентин Тарантиноға алғысымды білдіремін. Онсыз киноиндустрия құлдырайды", - деп атап өтті Брэд Питт өз сөзінде.

Сондай-ақ, "үздік сценарий" номинациясы бойынша "Оскар" жүлдесіне оңтүстік кореялық режиссерлер Пон Чжун Хо мен Хан Джин Вонның "Паразиты" атты картинасы лайық деп танылды.

Атап өту керек, фильмдегі көптеген сөздер ағылшын тілінде айтылмаған. Сол себепті осы жайт киноны ерекшелендіріп тұрған.

Forbes мәліметінше, шараны ұйымдастыруға биыл қырық төрт миллион доллар (16 667 477 200 теңге) жұмсалған.

Айта кетейік, өткен жылдағыдай, бұл рәсімде жүргізушілер жоқ, ал марапаттау кешінің өзі Лос-Анджелестегі танымал театрлардың бірінде өтеуде.

Естеріңізге сала кетейік, Бред Питт пен Анджелина Джолидің 13 жастағы қыздары ұл балаға айналмақ екенін хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1840153-bred-pitt-ekinsi-plandagy-zdik-er-adam-rli-sin-oskar-syjlygyn-aldy-foto/

pixel