RU

22.02.2020: Бұл күнге әйгілі көріпкел Ванга қорқынышты болжам жасаған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейлік БАҚ беттерінде танымал көріпкел Ванганың "22.02.2020" датасына жасаған жорамалы жарияланып жатыр. Ақпараттарға сәйкес, көріпкел миллиондаған адам өлетін инфекция жайлы айтқан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Экспресс-Новостиге сілтеме жасап.

22.02.2020: Бұл күнге әйгілі көріпкел Ванга қандай болжам жасаған

Ванга. Фото: ptoday.ru

Басылымның жазуынша, Ванга "22.02.2020" датасын қауіпті деп санаған. Оның болжамынша, бұл күні адамзат үшін төңкеріс болуы мүмкін.

Көріпкелдің бұл айтқан сөздері жақында ғана жарыққа шыққан.

Ванга бұған дейін өзі жасаған кейбір болжамдарды жарияламауды сұраған екен. Алайда оның туыстары осыған дейін ешкім білмеген болжамдарды көпшілікке ұсынуды жөн көріпті.

Сонымен, туыстарының сөзінше, Ванга бұл күні Жерді аман алып қалу керектігін айтқан.

Көріпкелдің айтуынша, Жер бетін күл жауып, су жағаға шығады. Одан бөлек бір аурудың аты айтылады.

Ванганың аудармашысы Стояна Петрованың сөзінше, ол бүкіл адамзатқа зиянын тигізетін, көпшілік ұмыт қалдырған дерт туралы айтқан. Ванга бұл аурудың шығу себептерін айтпапты.

Ол тек індет оңтүстіктен басталып, бүкіл адамзатты жаулап алады деп болжаған. Бұл инфекциядан жүздеген миллион адам қайтыс болуы мүмкін.

Сондай-ақ Ванга космостық апат жөнінде де жорамал жасапты. Ол екі саны бес рет кездескен күні астероидпен Жердің соғысатынын мәлімдеген.

Оның айтуынша, жер бетінен ірі аймақтар жоғалып, тірілер өлілерге қызығады. Сонымен бірге, көріпкел үлкен дене Жерге ұшып келіп, суға құлайтынын айтқан.

Еске сала кетсек, кеше 20.02.2020 күні елімізде 800 жұптың отбас құрып, некеге отырғаны белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
22.02.2020: Бұл күнге әйгілі көріпкел Ванга қорқынышты болжам жасаған
Mailfire view pixel