RU

Қазақстанда 2020 жылы жұмыс істеген аналар үшін декреттік төлемдер қалай төленбек

Декреттегі ата-аналар әлеуметтік көмек ала алады. Мемлекет тарапынан жұмыс істемейтін әйелдерге арналаған арнайы жәрдемақы бар, ал балалы болғанша ресми жұмыс істеген аналарға төлем сәл басқаша төленеді. Осы орайда KAZ.NUR.KZ ай сайын төлемінің қалай есептелетінін анықтады.

декрет
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

2020 жылы Қазақстанда декреттік төлем қалай төленеді?

Ресми жұмыс істемейтін аналарға мұны есептеу қиын емес. Бала күтіміне байланысты мемлекет тарапынан берілетін бір реттік және ай сайынғы жәрдемақының мөлшерін білсе болғаны. Табысына қарамастан босанған әйелдердің бәріне төленетін бір реттік жәрдемақының мөлшері:

  • 1, 2, 3 бала үшін 28 АЕК;
  • 4 және одан да көп бала үшін 63 АЕК.

Айта кетейік, биылғы 1 АЕК - 2651 теңге.

Жұмыс істемейтін аналар үшін бала күтіміне байланысты төмендегідей мөлшерде жәрдемақы төленеді.

  • 1 бала үшін 15, 269, 76 теңге;
  • 2 бала үшін 18, 053, 31 теңге;
  • 3 бала үшін 20 810, 35 теңге;
  • 4 және одан да көп бала үшін 23 593, 9 теңге.

Ал босанғанша ресми түрде жұмыс істеген аналар жалақысына байланысты көбірек жәрдемақы алады. Осы ретте сізге декреттік калькулятор көмекке келеді. Ол барлық шегерімдерді ескере отырып, төлемдердің мөлшерін анықтауға көмектеседі. Егер сіз өз есебіңізге ғана сенсеңіз, онда мына формуланы пайдаланыңыз:

Бір жыл ішіндегі жалпы табыс/12 х тууға байланысты жұмыс емес күндерінің жалпы көрсеткіші - 10 % зейнетақы жинағы = Жүктілік және тууға байланысты әлеуметтік төлем (ЖТБӘТ).

Жүктіліктің 30 аптасынан бастап (кей жағдайда 28 аптадан бастап) әйелдер декреттік демалысқа шыға алады. Демалысқа шықпас бұрын әйелдерге әлеуметтік көмек қарастырылған. Декреттік төлемдердің мөлшерін жоғарыда көрсетілген формула бойынша есептеуге болады.

Егер әйел бір жыл толық жұмыс істемесе де, оның табысы бәрібір 12 айға бөлінеді. Мысалы келіншек 8 ай жұмыс істеді делік. Осы аралықтағы табыстың жалпы қосындысы 12 айға бөлінеді.

Осылайша сақтандырылған аналарға берілетін сома шығады. Қазақстанда жұмыс беруші сақтандыру қызметіне жарна аударған жұмыс істейтін барлық адамдар декретке шыға алады.

Декреттік төлемді есептеудің ерекшеліктері бар ма?

2020 жылғы ең төменгі жалақы көрсеткішін - 42 500 теңге есепке алу керек. Ал айлық есептік көрсеткіш 2 651 теңгені құрайды. Декреттік төлемді төмендегі мысал арқылы есептеуге болады:

  • Әйел декретке дейін 2 жыл жұмыс істеді. Осы уақыт аралығында оның жалақысы 150 000 теңгеден 200 000 теңгеге өсті.
  • Сол себепті әр соманы 12 айға көбейті керек: 12 * 150 000 + 12 * 200 000 = 4 200 000 теңге.

Енді шыққан соманы 24 айға бөліңіз: 4 200 000/24 = 175 000 теңге.

Нәтижесінде ортақ айлықтық кірістің сомасы алынды. Әрі қарай көрсетілген формула бойынша есептеу керек:

(ЖТБӘТ) = Жалпы екі жылдық жалақы/24 х 0,4 – 10 %

Нәтижесінде осынша ақша шығады: 175 000* 0,4 = 70 000 - 10% = 63 000 теңге.

Бұл төлемдерді баланың әкесі де, анасы да рәсімдей алады. Айта кету керек, бала күтіміне байланысты төленетін ай сайынғы сома 119 000 теңгеден аса алмайды.

Төлемдерді есептеген соң сіз декреттік демалысқа сенімді түрде кете аласыз. Жұмыс берушінің міндеті мен төлемдерді төлеудің егжей-тегжейі көрсетілген еңбек келісім-шартын мұқият оқып шығыңыз.

Еске сала кетсек, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов бала күтіміне байланысты төленетін ай сайынғы жәрдемақыны үш жылға дейін төлеу туралы ұсыныс қаралып жатқанын хабарлаған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1842122-kazakstanda-2020-zyly-zmys-istegen-analar-sin-dekrettik-tlemder-kalaj-tlenbek.html