Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирустан қайтыс болғандар саны 2345 адамға жетті

Опубликовано:

Қытайда коронавирусты жұқтырудың расталған жағдайларының саны 76 мың адамнан асты, оның 2345-і қайтыс болды, 20 659 адам емделіп, ауруханадан шығарылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Коронавирустан қайтыс болғандар саны 2345 адамға жетті
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter
"Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитет коронавирустың жаңа түрін жұқтырудың расталған 76 288 оқиғасы туралы 31 провинциядан (аудандар, орталық бағыныстағы қалалар) ақпарат алды, оның ішінде қазіргі уақытта 53 284 адам ауырады (11 477 адам ауыр жағдайда), 20 659 адам ауруханадан шығарылып, 2345 адам қайтыс болды", - делінген мемлекеттік комитеттің хабарламасында.

Соңғы тәулікте ел бойынша 397 жаңа жұқтыру оқиғасы анықталды, ауруханадан 2393 адам шығарылды, 109 адам қайтыс болды (оның 106 -ы Хубэй провинциясында)

Айта кетейік, күні кеше коронавирустан 2247 адам қайтыс болып, 76,1 мың адам ауруды жұқтырғаны туралы хабарлаған едік.

Еске сала кетсек, осыған дейін бірнеше мыңдаған адамы бар круиз коронавирусқа байланысты Жапония жағалауында карантинге жабылғанын жазған болатынбыз.

Ал кейінірек Жапонияда 218 адам коронавирус жұқтырған круизді лайнерде төрт қазақстандық барын жазған едік.

Алғашында Diamond Princess кемесінде қытайлық вирусты 174 адам жұқтырғаны анықталған еді. Кейіннен коронавируспен ауыратындар қатары 44 -ке артып, жалпы науқастар саны 218-ді құрады.

Біраз уақыттан кейін лайнердегі екі адамның коронавирустан қайтыс болғаны анықталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842189-koronavirustan-kajtys-bolgandar-sany-2345-adamga-zetti/

pixel