RU

Diamond Princess кемесінің тағы бір жолаушы қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жапонияда коронавирусқа байланысты екі апта карантинге жабылған круиздік кеменің 80 жастағы жолаушысы көз жұмды. Ол жапон азаматы болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Getty Images / Bloomberg

Фото: Getty Images / Bloomberg

РИА Новости-дің хабарлауынша, елдің денсаулық министрлігі марқұмнан нақты неден көз жұмғанын мәлім етпеген.

Тұрғыннан COVID-19 вирусы анықталды ма, ол экипаж мүшесі болды ма әлде жолаушы ма ол жайлы ешбір ақпарат таратпаған.

Себебі қандай да бір ақпаратты жарялау үшін қайтыс болған қарттың туыстары рұқсат бермеген.

Еске сала кетсек, осыған дейін бірнеше мыңдаған адамы бар круиз коронавирусқа байланысты Жапония жағалауында карантинге жабылғаны хабарланған.

Кейін еліміздің денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Диас Ахметшәріп кемеде 50 мемлекеттің азаматтары соның ішінде төрт Қазақстан азаматының бар екенін хабарлаған.

Отандастарымыздан коронавирус белгісі анықталмады.

Ал алып кемеде карантинге жабылған адамдарды шығару жұмысына үш күндей уақыт кетті. Жолаушылардың барлығын дәрігерлер тексеруден өткізіп, сырқаттанбаған адамдарды үйлеріне қайтарды.

Коронавирустан круиздік лайнердің екі жолаушысы қайтыс болды. Олардың бірі 80 жастаға қария болса, екіншісі әйел адам.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Diamond Princess кемесінің тағы бір жолаушы қайтыс болды
Mailfire view pixel