Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар Diamond Princess кемесінен шығарылды

Опубликовано:

Коронавирустың анықталуына байланысты карантинге жіберілген круиздік лайнерде болған Қазақстанның барлық азаматтары кемеден шығып, жақын арада отанына қайтатын болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандықтар Diamond Princess кемесінен шықты
Diamond Princess кемесі. Фото: Carl Court / Staff / Getty Images: UGC

Республиканың сыртқы істер министрлігінде айтып өткендей, барлық қазақстандықтар коронавирусқа тексерілді. Нәтижелер теріс болып шыққан.

Болжам бойынша, олар Қазақстанға 22 ақпан күні қайтып оралады.

Еске сала кетсек, осыған дейін бірнеше мыңдаған адамы бар круиз коронавирусқа байланысты Жапония жағалауында карантинге жабылғанын жазған болатынбыз.

Ал кейінірек Жапонияда 218 адам коронавирус жұқтырған круизді лайнерде төрт қазақстандық барын жазған едік.

Алғашында Diamond Princess кемесінде қытайлық вирусты 174 адам жұқтырғаны анықталған еді. Кейіннен коронавируспен ауыратындар қатары 44 -ке артып, жалпы науқастар саны 218- ді құрады.

Біраз уақыттан кейін лайнердегі екі адамның коронавирустан қайтыс болғаны анықталды.

Көз жұмғандардың бірі 80 жастаға қария болса, екіншісі әйел адам. Бұл жолаушылар мен лайнер экипаж мүшелерінің арасындағы алғашқы қайғылы жағдай болған.

Сондай-ақ, бүгінгі таңға дейін Қытайдағы коронавирустен 2247 аданың қайтыс болып, 76,1 мың адамның зардап шеккені хабарланған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842134-kazakstandyktar-diamond-princess-kemesinen-sygyp-jlerine-kajtarylatyn-boldy/

pixel