RU

Орыс тілінде ән шырқаған "Алашұлы" жұртты таң қалдырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Отандық бағдарламалардың бірінде орыс тілінде ән шырқаған "Алашұлы" тобы көпті тәнті ентті. Рухты әрі айбынды әндерді орындайтын әншілердің бұл туындысын халық таңырқай қабылдады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/ maksat_rahmet

Фото: Instagram/ maksat_rahmet

Патриоттық әндерді орындау арқылы халық ықыласына бөленіп, көрермен көзайымына айналған "Алашұлы" солистері өздерін басқа бағытта сынап көрді. Нақтырақ айтқанда, олар отандық бағдарламалардың бірінде орыс тіліндегі "Дай мне время" әнін шырқады. Бір қызығы, өнер иелері ән иірімдеріне қазақтың музыкалық аспаптарын қосып, ерекше сахналық қойылым көрсетті.

Әншілердің тың бағыттағы өнерін тамашалаған көпшілік оларға қолдау білдірді.

"Керемет шыққан", "Өнерлеріңмен самғап жүре беріңдер", "Сәттілік тілеймін", "Аман болыңыздар", "Қызық екен", "Барлық қазақ аспабының дауысы керемет қой" деп жазды олар.

Айта кетейік, әлеуметтік желіде халық әртісі Роза Рымбаеваның әріптесі Мәдина Сәдуақасованың биік өкшелі туфлиін киген видеосы пайда болды.

Сахна cыртындағы қызықты сәтпен әнші Мадина Сәдуақасова бөлісті.

"Роза Қуанышқызы менің сахнаға киетін туфлиімді киіп көрді. “Өте ыңғайсыз ғой” деп жатыр. Видеода дыбыс жоқ, бірақ", -деп жазды өнер иесі.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Орыс тілінде ән шырқаған "Алашұлы" жұртты таң қалдырды
Mailfire view pixel