RU

Атырау облысында Қытай азаматы көз жұмды: Коронавирус анықталды ма

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

22 ақпан таңертең Қарабатандағы интеграцияланған газ-химия кешенінің құрылыс алаңы аумағында 50 жастағы Қытай азаматы көз жұмды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото : f.azh.kz

Фото : f.azh.kz

Азамат көрсетілген медициналық көмекке қарамастан, қайтыс болды.

21 ақпанда мердігер ұйым қызметкері өзін нашар сезініп, медициналық пунктке жүгінген. Онда оған қан қысымының жоғарылауы диагнозы қойылып, медициналық көмек көрсетілген.

Таңертең асханаға барар жолда ол өзін тағы нашар сезініп, есінен танып қалады. Медицина қызметкерлері өлімнің ми қан айналымының бұзылуынан болғанын анықтайды.

Сараптама өлімнің себебі ми қан айналымының жіті бұзылуы екенін растады.

Компанияның баспасөз қызметі марқұмнан коронавирус белгілері - дене қызуы, жөтел мен тамақтың ауыруы байқалмағанын мәлімдеді.

Қарабатандағы нысан құрылысына қатысатын компаниялар әрдайым жұмысшылардың денсаулығын бақылауда ұстайды.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореяда қызметкерлерінің бірінде коронавирус анықталуына байланысты Samsung Electronics компаниясы смартфон өндіру бойынша зауытын уақытша жапты.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атырау облысында Қытай азаматы көз жұмды: Коронавирус анықталды ма
Mailfire view pixel