Қорықшыны өлтірген жігіттердің жақындары құран бағыштап, кешірім сұрады
Жарияланған күні:
Қорықшы Ерлан Нұрғалиевті өлтіргендердің туыстары мен ауылдастары жиналып марқұмның жақындарынан кешірім сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Шүкілдіков, Ахметов және Ақшанов туып-өскен Абай ауылының тұрғындары алдымен марқұм Ерлан Нұрғалиевке құран бағыштап, марқұмның отбасынан кешірім сұрады.
Осылайша туыстарының жазасын жеңілдеткісі келеді.
"Адам өлтіргені үшін түрмеге қамау әділ шешім, дегенімен ғұмырының соңына дейін абақтыға қамау тым ауыр", - дейді сотталушылардың жақындары.
Осыған байланысты ауылдың халқы айыпталушыларға басқа жаза тағайындауды сұрайтынын білдірді.
Қайрат Ақшановтың жары Жанар күйенің жазасын жеңілдетуін өтінді.
"Күнде "әкешім" деп сұраған кезде айтуға сөз таппай қаламыз. Тек жазасын жеңіл қылыңыздар. "Кінәлі емес" демейміз, кінәлі. Алайда кінәнің өз шегі болады. Ортаға бала-шағасының арасына, мейлі кәрі болсын, бірақ қайтып келуін сұраймыз", - деді ол.
Дереккөз: КТК телеарнасы
Еске сала кетейік, өткен жылы Қарағанды облысына қарасты Нұра ауданында браконьерлер шабуылынан инспектор Ерлан Нұрғалиев қайтыс болды. Оның өмірі үшін дәрігерлер бір тәуліктен астам уақыт күрескенімен, инспекторды аман алып қалу мүмкін болмады.
Кейін шабуылдан аман қалған екінші инспектор Петр Ницык оқиғаның мән-жайын баяндаған болатын.
Марқұм болған инспектордың өліміне күдікті деп танылған азаматтарға іздеу жарияланып, күдікті ретінде үш ер адам ұсталды.
Айыпталушы Қайрат Ақшанов сот отырысында көз жасына ерік беріп, кінәсін толық мойындады.
Кінәсін Нұрғалиевтің өліміне кінәлілер өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1842516-koryksyny-ltirgen-zigitterdi-zakyndary-kran-bagystap-kesirim-srady/