RU

"Қуыршақ": Айқын мен Жұлдыз алғаш рет қыздары Айяны көрсетті (фото)

Отандық шоу-бизнестегі жұлдызды жұптардың бірі Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали алғаш рет қыздары Айяны қалың көпшілікке көрсетті. Өнер иелері екінші перзентінің суретін әлеуметтік желіде жариялап, оны өз оқырмандарына таныстырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/zhuldyzomirgali_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Жұлдыз Өмірғали Instagram желісіндегі жеке парақшасында бұған дейін көпшіліктен түрін жасырып келген қызының суретімен бөлісті.

Эстрада өкілі желі қолданушыларына Айяны көрсетіп, оларды бір қуантып алды.

Жұлдызды жұптың ортақ екінші сәбиінің фотосы ғаламтор кеңістігінде бірден қызу талқыға түскен.

Қос әншінің перзенті барша жанкүйерінің жүрегін жаулап үлгерді. Олар кішкентай Айяға сүйсініп, оның кімге ұқсағаны жайлы пікірталас ұйымдастырды.

Бірі оны әкесінен айнымайды десе, енді бірі анасына ұқсатқан. Ал кейбір желі қолданушылары сәбиді туған ағасының егізі секілді екенін жазуда.

"Айнымаған Айқын. Әсіресе, көздері" , "Ағасының көзіндей" , "Бәрінің көздері фонарик қой" , "Санжардың қарындасы екенін ойланбай табуға болады" , "Тура папасы" , "Айнымай қалған әкесінен" , "Екінші Айқын" , "Анасына ұқсайды" , "Жұлдызға ұқсайтын сияқты" , "Айқынның көшірмесі ғой" , "Қуыршақ өзі", - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Айқынның көмекшісі "Қалауым" тікелей эфирінде қалыңдық атанғанын жазған болатынбыз. Өнер иесі қызметкерін студияға арнайы барып, құттықтап қайтқан.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1842531-kuyrsak-ajkyn-men-zldyz-algas-ret-kyzdary-ajany-krsetti-foto.html