RU

Мысырдың экс-президенті Хосни Мубарак қайтыс болды

Мысырдың бұқаралық ақпарат құралдары елдің экс-президенті Хосни Мубарактың өмірден өткенін хабарлауда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мысырдың экс-президенті Хосни Мубарак қайтыс болды
Фото: rus.postimees.ee: UGC

91 жастағы бұрынғы президенттің қайтыс болғаны туралы хабар Мысырдың мемлекеттік телеарнасында пайда болды.

Хосни Мубарак ұзақ уақыт бойы сырқатымен күресіп келген деп хабарлайды РИА Новости el-Watan басылымына сілтеме жасап.

Оның жағдайы өткен айда асқазандағы ісікті жоюға арналған хирургиялық отадан кейін күрт нашарлаған. Басылымның мәліметінше, ол отадан кейін жансақтау бөлімінде жатқан.

Айта кетейік, Хосни Мубарак Мысырды отыз жылға жуық басқарды. Ол 1981 жылы билік басына келген.

2011 жылдың басында елде жаппай тәртіпсіздік басталды. Шеруге шығушылар президенттің отставкаға кетуін талап етті. Бұдан бөлек наразылық білдірушілер төтенше жағдайдың күшін жоюды, жұмыссыздыққа қарсы күресті, ең төменгі жалақының ұлғаюын, тұрғын үй жетіспеушілігі проблемаларын шешуді, азық-түлік бағасының жоғарылау мәселесін шешіп, сөз бостандығы мен өмір сүру деңгейінің өсімін талап етті.

Отставкадан кейін Хосни Мубарак бірден қамауға алынды. Ол сыбайлас жемқорлық пен шеруге шыққандардың өліміне кінәлі деп танылды.

Нәтижесінде, саясаткер өмірінің 6 жылын түрмеде өткізді. Бостандыққа ол үш жыл бұрын, тек 2017 жылы шықты.

Соңғы жылдарын экс-президент отбасымен бірге Мысырдың орталық аудандарының бірінде орналасқан зәулім үйінде өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, Мысыр халқының саны 100 миллионға жеткенін және бұл жағдайдың мемлекет экономистерінің алаңдатып қойғанын хабарлаған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1842670-mysyrdy-eks-prezidenti-hosni-mubarak-kajtys-boldy.html