Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Малайзияда 13-қабаттан құлаған жасөспірім ғажайыптың күшімен аман қалды

Опубликовано:

Малайзияның Пинанг штаты Аир-Итам қаласында жасөспірім 13-қабаттан құлап, аман қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com
Көрнекі сурет: pixabay.com: Facebook

Жеткіншек ағасымен бірге тұратын пәтердің терезесінен байқаусызда құлап кеткен. Құлап бара жатып ол әр қабаттағы терезелердің үстіндегі бастырмаларға тиіп өткен. Бұл оның жылдамдығын баяулатып, соққыны шамалы жеңілдеткен.

Жасөспірімнің көршілері жедел жәрдем шақырып, оны ауруханаға жеткізуді талап еткен. Медициналық тексеріс нәтижесінде жеткіншектің ауыр жарақат алмағаны анықталды.

Еске сала кетейік, өткен жылы 15 қазанда Ақтаудың 6-шағын ауданында тоғызыншы сынып оқушысы терезеден құлап көз жұмды. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бозбаланың шамамен таңғы бесте қайтыс болғанын мәлім етті.

Сондай-ақ бұған дейін Литва астанасы Вильнюсте оқып жүрген 19 жастағы Беларусь студентінің түнгі аспан аясында сельфи жасамақ болып, 10 қабаттан құлап кеткенін жазған болатынбыз.

Куәгерлер жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер жарты сағат бойы бойжеткеннің өмірін сақтап қалу үшін күрескен. Алайда, қыздың жүрегі соқпай қалған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1842770-malajziada-13-kabattan-klagan-zasspirim-gazajypty-ksimen-aman-kaldy/

pixel