RU

Түркістандық ару Марат Омаровтың ұлы өзін жүкті етіп, тастап кеткенін жайып салды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Түркістан тұрғыны Кәмшат Таубай бүгінде белгілі әнші Марат Омаровтың некесіз немересін тәрбиелеп отырғанын жайып салды. Бойжеткеннің айтуынша, ол өнер иесінің ұлы Азамат Омаровтан жүкті болып, қыз баланы дүниеге әкелді. Алайда, төрт ай бойы кездесіп, оған үйленуге уәдесін берген азамат арудың аяғы ауыр екенін білгенде үшті-күйлі жоқ болып кеткен деп жазады KAZ.NUR.KZ КТК арнасындағы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап.

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Фото: видеодан кадр. Коллаж: KAZ.NUR.KZ

Кәмшат Таубай танымал әншінің ұлына алданып қалғанын айтады. Оның сөзінше, Азамат Омаров бойжеткеннің жүктілігі туралы естігеннен кейін байланысқа шығуды тоқтатқан.

Белгілі болғандай, екі жастың таныстығы Алматы қаласында орын алған. Олар ортақ достары арқылы танысқан.

"2017 жылы әпкем екеуміз Түркістаннан Алматыға жұмыс іздеп келеміз. Біраз уақыттан соң, әпкемнің қызы қолын күйдіріп алып, олар үйге қайтып кетеді. Мен әпкемнің құрбысымен тұрамын. Ал Азамат оның күйеуінің досы болған. Ол кезде жасым 20-да еді. Екеуміз әмпкемнің құрбысының туған күнінде таныстық. Ол кезде мен жұыс істеп жүрдім. Бастапқыда даяшы, кейіннен Қалқаманда самса жасап, сатып жүрдім. Басында мен оның Марат Омаровтың ұлы екенін білмедім.

Тіпті, Марат ағаның өзін де аса білмеймін. "Анашым шалқып жүрсе" деген әнді естігенімен, оны сол кісі айтатынынан хабарсызбын. Азамат ертесіне, Байдосқа қоңырау шалып, "кеше туған күнде көрген қыз менің түсіме кірді" деп айтқан. Содан кейін күніге біздің үйге келе берді.

Байдос маған сол кезде ғана оның Марат Омаровтың ұлы екенін айтты. Солай танысып, төрт айдан кейін аяғым жүкті болып қалды. Мен оған сендім. Ол маған уәдені беріп, соңында тастап кетті. "Мен сені жақсы көремін. Сені аламын. Алматыда, сосын Шымкентте екі той жасайтын боламыз" деді. Тіпті жеке кәсіп ашып бермек болған" , - деді Кәмшат.

Бойжеткен Азаматты құлай сүйіп қалғандықтан оның әрбір сөзіне сенгенін мойындады.

"Мен сендім. Ойладым, жасы да менен үлкен, 12 жас арамыз. Тастайды деген ойда болмадым. Жас жігіт емес қой, ойланатын шығар дедім. Азаматқа дейін таза болғанмын. Менің пәк болғанымды Азаматтың өзі де біледі. Оның отбасы бар болғанын білдім. Бірақ, ол маған "ажырасып кеттім, екі жыл болды" деген.
Бәрі жақсы болып көрінді. Алайда, менің жүктілігімді естіп, ол жоқ болып кетті. Менің жазған хабарламаларыма жауап бермеді. Тіпті, "баланы алдыртып тастайын ба?" деген кезім де болды. Ол оған да үнсіз қалды" , - деді жас ана.

Ал Кәмшаттың анасы әншінің ұлы қолымен істеген ісін мойнымен көтергенін қалайды. Сәуле Жаперова қызының аяғы ауыр екенін оның төрт айлығында біліп, бұл жағдай жайлы Марат Омаровтың өзіне айтып хабарласқан. Алайда, белгілі әнші оған келесіде мұндай мәселе бойынша мазаламауын ескертіп, тұтқаны қоя салған.

Содан бері жұлдызды отбасыдан мүлдем хабар жоқ. Кәмшат Таубай Азамат Омаров қызына мойындап, оған өз тегін беруін талап етуде.

Айта кетейік, бұған дейін Марат Омаровтың есімі кісі өлтіру ісінде аталғанын жазған болатынбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түркістандық ару Марат Омаровтың ұлы өзін жүкті етіп, тастап кеткенін жайып салды
Mailfire view pixel