Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ірі денелі азаматпен жаттығу залында жүрген Дұғалова қызу талқыға түсті (фото)

Опубликовано:

Отандық танымал әнші Жанар Дұғалова жаттығу залында белгісіз ер адаммен суретке түсіп, көпшіліктің сынына ұшырады. Желі қолданушылары өнер иесін кеудесі мен іші ашық тұратын киім киіп алғаны үшін сөгіп тастады. Оған қоса, олар шоу-бизнес жұлдызының қасындағы азаматтың кім екенін біле алмай әлек болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/zhanar_dugalova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/zhanar_dugalova. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Жанар Дұғалова қызу талқыға түскен фотосымен Instagramпарақшасында бөліскен. Онда ол жаттығу залындағы айна алдында бейтаныс ер адаммен тұрғанын көруге болады.

Эстрада жұлыдызының бұл суреті желідегілерді аса қатты қызықтырып қойған. Олар әнші арудың қасындағы жігітті оның сүйіктісі деп болжады.

"Жаңа жігітіңіз ба?" , "Қазақ жігіт табылмай қалды ма?" , "Жарасымдысыңдар" , "Екеуіңіз бірге жаттығып жүргендеріңіз керемет", "Мныадай серіні қайдан тауып алғансың", "Дені дұрыс жігіт таба алмадыңыз ба?" , "Қасындағы шашы жалбырап тұрған жігітің бе?, "Бақытты болыңыздар" , - деп жазуда көпшілік.

Оған қоса, өнер иесін жаттығу залына киіп барған образы үшін қатты сынап тастады. Оқырмандарға Дұғалованың адам көп болатын жерде бар дене мүсінін паш етіп жүргені жақпай қалған.

"Ұят жоқ қазіргі қыздарымызда" , "Масқара төсің де, ішің де ашық" , "Бүкіл дене пішіндеріңді көрсетіп біттіңдер" , "Көрсетпеген қай жерің қалды аман" , "Намыс қайда? Ұят қайда?" , "Жабыстырып киіп алғаны бір бөлек, іші ашық тұр" , - деп жазды желідегілер.

Алайда, желі қолданушылары арасында жақсы пікір жазғандар да табылды. Олар әншінің мүсініне тамсанып, оған деген жылы лебіздерін білдірген.

"Тамаша, өзіңізге қарап жүріңіз осылай" , "Фигураңыз от екен" , "Жаттығудың нәтижесі шығып жатқан сияқты" , "Дене пішініңіз әдемі" , "Ғашық еттіңіз" , "Мінсіз мүсінді әнші" , - деген ойда олар.

Айта кетейік, бұған дейін желіде Жанар Дұғалованың белгісіз жігітпен құшақтасқан видеосы тарап, елдің қызу талқысына түскен болатын.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1842937-iri-deneli-azamatpen-zattygu-zalynda-zrgen-dgalova-kyzu-talkyga-tsti-foto/

pixel