Выйти
RU

Футболдан Еуропа чемпионаты коронавирус салдарынан өтпей қалуы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

УЕФА Италиядағы коронавирустың өршуіне қатты алаңдаушылық білдіріп отыр. Сондықтан ұйымның вице-президенті Мишель Ува 2020 жылдың жазында өтуі тиіс Еуропа чемпионатын кейінге қалдыру немесе мүлде өткізбеу мәселесімен айналысуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: pixabay.com

Фото: pixabay.com: Depositphotos

Ол Rai Radio 1 Sport эфирінде УЕФА әлемдегі жағдайды жіті бақылап отырғанын мәлімдеді.

"Біз әрбір елдегі нақты жағдайларды қадағалап отырамыз. Футбол матч өтетін елдің шарттарын сақтауы керек. УЕФА жанкүйерлер күтіп отырған үлкен жарысты соңына дейін кейінге қалдырғысы келмейді, алайда жағдай нашарласа, біз спорттық жарыстарды тоқтата тұруға дайынбыз", - деді Мишель Ува.

Италияда коронавирусты жұқтырғандар саны соңғы күндері күрт өсіп, 453 адамға жетті. Олардың 12-сі қайтыс болды.

Естеріңізге сала кетейік, Еуро-2020 турнирі Еуропаның 12 қаласында өтеді деп жоспарланған.

Рим Олимпиада стадионында А тобының топтық кезеңінің үш матчы және ширек финалдың бір ойыны өтеді.

Деректерге сүйенсек, Қытайда 2744 адам коронавирус құрбаны болды. Соңғы бір тәулікте 29 адам көз жұмған. 32,5 мың адам ауруынан айыққан.

Айта кетсек, бұған дейін Грузияда коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелгені белгілі болды.

Еске сала кетсек, коронавирус Италия арқылы өзге де Еуропа елдеріне тарап жатқанын жазған едік.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Футболдан Еуропа чемпионаты коронавирус салдарынан өтпей қалуы мүмкін