jitsu gif

Коронавирус Италия арқылы өзге де Еуропа елдеріне тарап жатыр

: Twitter

Бірнеше Еуропа елдерінде коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді. Бұл Италиядағы инфекцияның өршуімен байланысты болуы мүмкін. Өйткені бұл елде 300-ден астам адам дерт жұқтырып, 11 адам көз жұмған деп хабарлайды

KAZ.NUR.KZ

BBC-дің орыс қызметіне сілтеме жасап.

италия
Көрнекі фото: Getty Images / Laura Lezza: Twitter

Жақында ғана Италиядан оралған Австрия, Хорватия мен Швейцария адамдары ауру жұқтырған.

Осындай жағдай Алжирде де тіркелді. Азамат 17 ақпанда Италиядан оралған. Бразилияда да Италиядағы іс-сапарынан оралған 61 жастағы ер адамнан коронавирус анықталды.

Италияда инфекция жұқтырғандар саны артуда. Алайда көршілес елдер шекараны жаппауға шешім қабылдаған. Франция, Германия, Италияның Денсаулық сақтау министрлері мен Еурокомиссия адамдар қозғалысына шектеу қоймауға бекінген.

"Әңгіме шекараға назар аудармайтын вирус жөнінде", - деді Италия Денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанца.

Еуропада не болып жатыр?

Австрияның Инсбрук қаласында тұратын жас италиялық жұптан коронавирус анықталған. Жұбайлардың бірі бұған дейін қонақ үйде жұмыс істеген.

Швейцарияның Италиямен шекаралас Тичино аймағында тұратын қарт ер адам да вирус жұқтырған. Қазір ол оқшауланған.

Сондай-ақ жақында ғана Италиядан оралған Хорватия азаматынан да қауіпті дерт анықталған.

Канар аралдарындағы Тенерифедегі қонақтардың бірі, италиялық дәрігерден де коронавирус табылған.

Испания елінде де жуырда Италиядан оралған әйел қауіпті вирусты жұқтырып алыпты. Факт Барселонада тіркелген.

Франция мен Германия елдерінде де Италиядан оралғандар вирустың жаңа түрін жұқтырған.

Еске сала кетсек, кеше Италия халқы елде коронавирустың кең таралуына байланысты дүкен сөрелеріндегі азық-түліктің бәрін сатып алған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Коронавирус Италия арқылы өзге де Еуропа елдеріне тарап жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.