Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкент маңындағы әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз қанша қару ұрлаған

Опубликовано:

Түркістан облысында алдын ала болжам бойынша, әскери бөлім аумағынан қару ұрлап қашқан сержанттың ісін тергеу жұмысы жалғасып жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz: Facebook

Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті жедел-тергеу шаралары нәтижесінде тағы бір азаматты ұстады. Ол аталған істегі төртінші күдікті болып отыр. Тергеу жұмысына қатысты ақпарат Polisia.kz сайтында хабарланды.

Ол тәртіп сақшыларынан Шымкенттегі танысының үйінде жасырынбақ болған.

Қолға түскен азаматтан 2 "Макаров" тапаншасы мен травматикалық тапанша тәркіленді. Күдіктіден табылған барлық қару әскери бөлімнен ұрланған болып шықты.

Осыған дейін тәртіп сақшылары сарбаз қару сатқан достары- үш күдіктіні құрықтаған еді.

Автоматтар мен тапаншаларды жымқырған соң олар Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында бой тасаламақ болған.

Алайда полицейлер күдіктілерді ұстап қана қоймай, жоғалған қаруларды да тауып алды.

"Әскери бөлім аумағынан 29 " Калашников" автоматы, 28 "Макаров" тапаншасы, травматикалық тапанша және екі сүңгі пышақ ұрланған",- делінген Polisia.kz сайтында.

Қазіргі уақытта қарулардың қылмыстық мақсатта қолданылмайтыны анық.

Еске сала кетейік, 20 ақпанда Шымкент қаласына жақын жердегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімінің бірінен келісім шарт бойынша қызмет ететін әскери қызметшінің өз еркімен кетіп қалғаны хабарланған.

Дәл сол уақытта қаруды сақтау бөлмесінде белгілі бір мөлшерде атыс қаруының жетіспейтіні анықталған.

Сол күні кешке ІІМ мен ҰҚК қызметкерлерінен құрылған арнайы жедел топ әскери қызметшіні тұтқындағаны белгілі болды.

Ал бірнеше күннен кейін оның екі сыбайласы қолға түсті.

Көп ұзамай әскери бөлімнен қару-жарақ ұрлап қашқан сержанттың тағы бір сыбайласы ұсталды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843098-symkent-mayndagy-skeri-blimnen-kasyp-ketken-sarbaz-kansa-karu-rlagan/

pixel