RU

Әскери бөлімнен қару-жарақ ұрлап қашқан сержанттың тағы бір сыбайласы ұсталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

20 ақпанда Түркістан облысындағы әскери бөлімнен келісім шарт бойынша қызмет ететін әскери қызметшінің қару-жарақ ұрлап қашқаны туралы ақпарат пайда болды. Сержант сол күні, ал оның екі сыбайласы бірнеше күннен кейін ұсталды. Сондай-ақ бүгін оқиғаға қатысты тағы бір адамның қолға түскені белгілі болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Құқық қорғау органдары мәлім еткендей, жедел-тергеу тобы аталған істің тағы бір қатысушысын – әскери қызметкер Абылай Балғынбайдың сыбайласын анықтады.

Ол сержанттан белгілі бір сомаға өзінен тәркіленген екі тапаншаны сатып алғаны белгілі болды.

Ер адамға атыс қаруының не үшін қажет болғаны әзірге белгісіз. Істің мән-жайы тергеу барысында анықталады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Бұған дейін қару-жарақ ұрлап қашқан сержанттың "олжасын" 120 мың теңгеге сатып жібергенін жазғанбыз.

Еске сала кетейік, 20 ақпанда Шымкент қаласына жақын жердегі әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери бөлімінің бірінен келісім шарт бойынша қызмет ететін әскери қызметшінің өз еркімен кетіп қалғаны хабарланған.

Дәл сол уақытта қаруды сақтау бөлмесінде белгілі бір мөлшерде атыс қаруының жетіспейтіні анықталған.

Сол күні кешке ІІМ мен ҰҚК қызметкерлерінен құрылған арнайы жедел топ әскери қызметшіні тұтқындағаны белгілі болды.

Ал бірнеше күннен кейін оның екі сыбайласы қолға түсті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Әскери бөлімнен қару-жарақ ұрлап қашқан сержанттың тағы бір сыбайласы ұсталды
Mailfire view pixel