RU

Италияда кәсіби футболшының коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Италияда кәсіпқой футболшылардың арасынан коронавирус инфекциясын жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Eurosport.ru басылымына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Шетелдік басылым таратқан ақпаратқа сәйкес, Италияның Cерия С лигасында доп тебетін "Пьянезе" клубының 22 жастағы ойыншысынан коронавирус инфекциясы табылған.

Футболшының аты-жөні айтылған жоқ.

23 ақпан күнгі матч алдында спортшының ыстығы көтерілгендігі белгілі болды. Дәрігерлер оны тексеріп, коронавирустың белгілерін анықтаған.

Айта кетейік, Италия футбол басшыларының шешімімен, ел чемпионатындағы көптеген матчтар жанкүйерлерсіз өтуде.

РИА Новости-дің мәліметінше, соңғы деректерге сәйкес, Италияда коронавирус жұқтырғандардың саны 650 адамға жеткен. Оның 17-сі қайтыс болды.

Бұл мәліметті елдің Азаматтық қорғаныс басшысы Анжело Боррелли жариялады.

Еске сала кетсек, бұған дейін коронавирус Италия арқылы өзге де Еуропа елдеріне тарап жатқанын жазған едік.

Сонымен қатар вирустың белең алуы салдарынан 2020 жылдың жазында өтуі тиіс футболдан Еуропа чемпионаты да кейінге қалдырылуы мүмкін.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Италияда кәсіби футболшының коронавирус жұқтырғаны белгілі болды
Mailfire view pixel