RU

"Көшеде халық көбеюде": Ресейлік азаматша Қытайдағы қазіргі жағдайды баяндады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Аумағында жаңа коронавирус тараған Қытай халқы бастапқыда, тіпті, көшеге шығудан қалған еді. Эпидемия басталғанда дүкендер мен қоғамдық орындар жабылып, көпшілікті дүрліктірген болатын. Ал қазір жұрт қалыпты өмірге орала бастаған. қазір ол жақтағы ахуал жайлы ресейлік Мария есімді азаматша баяндап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Аспан асты елінде ағылшын тілінің мұғалімі болып қызмет ететін Мария бүгінде елде тыныштық орнай бастағанын айтады.

Ол қатерлі дертпен күресуде Қытай үкіметі атқарып жатқан іске шексіз риза.

"Елдің барлық аймағында бірдей шаралар қолданылып жатыр. Біріншіден, қоғамдық орындардың - метро, автобус, сауда орталығы мен вокзалдардың кіреберісінде міндетті түрде дене қызуыңды тексереді. Көп ұзамай дәл осындай бақылауды тұрғын үй кешендерінің кіреберісіне енгізді.
Эпидемия өршіген уақытта Шэньчжэньде бірге тұратын досымыз екеуміз ауыз суды тапсырыспен алдырдық. Себебі, краннан ешкім су ішпейді. Тұрғын үй кешендері қоршалған, тек бір есік қана ашық тұрады. Қазір Гуанчжоуға көшіп келдім. Мұнда да дәл солай", - дейді Мария.
Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Ресейлік азаматшаның сөзінше, кейбір тұрғын үй кешенінде үйден отбасының қанша мүшесі және қаншалықты жиі шығатынына байланысты шектеу қойылған. Кей жерлерде көшеге аптасына екі рет екі күн, күнде бір рет қана қана шығуға болады. Шыққан күннің өзіне 20:00- ден кеш оралмау керек.

"Менің тұрғын үй кешенімде мұндай шектеу жоқ. Шығарда маған тек жылтыр жасыл қағаз береді. Үйге оралған сәтте оны күзетке қайтарамын. Лифтілерде инфекция қалмас үшін басу нүктелері арнайы целлофандармен оралған. Досымның үйінде лифтіге тіс тазартқыш қадап қойыпты. Кез келген адам тіз тазартқышпен нүктені басып, оны бірден қоқысқа тастауы керек", - дейді ол.

Қытайда кез келген тұрғынға медициналық маска тағу міндеттелген. Кей өңірде, тіпті, маскасыз жүрген адамдарға айыппұл салынады. Гуанчжоуда жертөлеге кірер тұста метроға маскасыз кірге болмайтыны жайлы хабарландыруда ілінген.

"Алғашында маска жетіспеушілігі болды. Дәріханаға келіп сұрасам, жоқ деп қайтарады. Бірақ қытайлардың барлығы маска тағып жүреді, қайдан алғанын білмеймін. Жуылған болса да, ескі масканы таққым келмеген, бірақ полицейлер немесе күзет қызметкерлері жақындап, тағуымды сұрады.
Бірде, тіпті, маскасыз жүргендіктен, күзетші дүкеннен шығарып жіберді. Ал дәріханаларда адамдар ауру белгілерін жасырмас үшін дене қызуын түсіретін дәрі сатуға тыйым салынды. Вирус белгілері жайлы хабарламай, медициналық тексеруден өтуден бас тартқандарға заң бойынша жауапкершілік бекітілді", - деген Мария қоғамдық көліктердегі бақылау жайлы да сөз қозғады.
Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Оның айтуынша, Шэньчжэнь мен Гуанчжоуда қоғамдық көлікке кірер тұста тіркеуден өту қажет. Ол үшін тұрғындар жергілікті WeChat мессенджері арқалы код сканерлеуі тиіс. Бұл вирус жұқтырған адам кіммен байланысқанын және кімнің қасында болғанын анықтауға көмектеседі.

Ал көшелер мен қоғамдық көліктерде коронавируспен күресуге арналған әлеуметтік жарнама көп. Ақпараттық экрандарда аурудың алдын алу жөнінде түрлі бейнероликтер көрсетіледі. Олардың кейбірі ағылшын тіліне аударылған.

"Көп қалаларда басқа елден немесе өңірден келген азаматтарға карантин енгізілген. Қытайда мекен жайыңды өзгертсең, міндетті түрде полицияға тіркелуің қажет. Артынша тәртіп сақшылары үйіңе келіп, белгілі бір уақыт аралығында пәтерден шығуға тыйым салынатынын хабарлайды.
Бейжің мен Шанхайда карантин 14 күнге жалғасса, кей өңірлерде одан да көп. Тіпті, дүкенге баруға да болмайды. Дегенмен Қытайда тамақ жеткізу қызметі жақсы дамыған", - дейді ресейлік азаматша.

Эпидемия басталғанда қаңырап қалған қалаларға қазір жан бітіп жатқандай. Алғашында пәтерден шыға алмаған халық біртіндеп қалыпты тіршілікке оралуда. Мұны Қытайдағы жағдайды жыл басынан бері өз көзімен көрген Мария да растап отыр.

"Қазір көшеде халық көбейіп жатыр. Көптеген мекеме жұмысын қайта жалғастырып жатыр. Статистикаға қарасақ, ауру жұқтырғандар саны азайғанын, ал айыққандар саны артқанын байқауға болады. Бұрынғы шектеу шаралары әлі де жүргізілуде. Бірақ бір аптадан бері жаңа шаралар енгізілген жоқ. Басқа қаладағы таныстарым да жағдайдың жақсарып келе жатқанын айтып жатыр", - деп қорытындылады Мария.

Айта кетейік, бүгінде Қытайдан тыс 46 елде коронавирус жұқтырғандар саны 3664 адамға жетті.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Көшеде халық көбеюде": Ресейлік азаматша Қытайдағы қазіргі жағдайды баяндады
Mailfire view pixel