Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус Қытайдан бөлек тағы 46 елде анықталып отыр

Опубликовано:

Қытайда коронавирус жұқтырғандар саны 78 824 адамға жетті, оның ішінде 2788-і қайтыс болған. Ал 36 мыңнан көп адам дерттен құлан таза айығып кетті. Бұл туралы аспан асты елінің денсаулық сақтау жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.

Фото: Global Look Press/Ding Ting
Фото: Global Look Press/Ding Ting: Twitter
"Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитет 31 провинцияда 78 824 коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелгені жайлы ақпарат алды. Қазіргі уақытта 39 919 адам ауырып жатыр, олардың 7 952-сі ауыр халде. Ал 36 117 адам ауруханадан шығарылды, 2 788 науқас көз жұмды", - деп хабардар етті мемлекеттік комитет.

Басылым мәліметінше, соңғы тәулікте мемлекет бойынша 37 коронавирус жұқтыру жағдайы тіркеліп, ауруханадан 3 622 адам шығарылған. Қайтыс болған 44 адамның 41-і Хубэй провинциясында тіркелген. Коронавирус күдігімен тағы 452 жағдай тіркеуге алынған.

Қазіргі уақытта коронавирустың жаңа түрі бар деген күдікке 2308 адам ілінген. Науқастармен тығыз байланыста болған 65,2 мың адам медициналық бақылауда.

Ал қауіпті инфекция ошағы Хубэй провинциясында бір тәулікте 318 жағдай (оның 313-і Ухань қаласында) тіркелді, ауруханадан 3203 адам (2498-Уханьда) шықты және 41 науқас (28-і Уханьда) көз жұмған.

Эпидемия басталғалы бері провинцияда 65 914 адам коронавирус жұқтырған. Оның 2682-сі (Уханьда- 2132) қайтыс болса, 24,4 мың науқас дерттен айығып кеткен.

Ал Гонконгта 93 адам коронавирус жұқтырып, 26-сы жазылып шыққан. Екі адам қайтыс болған. Макаода вирус жұқтырған 10 адамның 8-і ауруханадан шығарылған. Тайваньда вирус жұқтырған 32 адамның біреуі көз жұмса, алтауы құлан таза айыққан.

РИА Новостидің соңғы мәліметтеріне сәйкес, Қытайдан тыс 46 елде коронавирус жұқтырғандар саны 3664 адамға жеткен. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, олардың 57-сі қайтыс болған.

Бүгінде әлем бойынша қауіпті инфекция жұқтырғандар саны 82 294 адам.

Айта кетейік, Сауд Арабиясының билігі елге кіруге уақытша тыйым салды. Әзірге мұсылмандар кіші қажылыққа бара алмайды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1843116-koronavirus-lemdi-zaulauda-kauipti-infekcia-46-elde-anyktaldy/

pixel