RU

Арнайы қорғаныш киім киіп келген ақ халаттылар атыраулықтарды таңырқатты (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Атырау тұрғындары мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде куәгерлердің бірі түсірген видеоны таратып жатыр. Роликте қорғаныш костюм мен бетперде киген дәрігерлер жедел жәрдемнен түсіп, үйлердің бірінің подъездіне қарай жүрген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

медиктер актобе

Видеодан кадр

Желіде тарап жатқан видеоны куәгер түсіріп алған. Ол таңданысын жасыра алмай, болған жағдайға қатысты пікірін айтқан.

"Дәрігерлер келді. Олар қазір осылай жүретін болған ба? Коронавирус?", - дейді кадр сыртындағы ер адам.

"Мой ГОРОД" басылымының жазуынша, ролик аудиохабарламалар көмегімен тез тарап кеткен. Желідегілер облыста қауіпті коронавирус анықталды деп топшылаған.

Көпшіліктің сөзінше, мұндай диагноз шетелдік жұмысшылардан анықталған. Олардың бірін ауруханаға жатқызылған. Осы видеодағы медицина мамандары әйел адамды алып кетуге келген.

Өңірде коронавирус анықталды деген қауесет пен таралып жатқан кадрларға қатысты облыстық Денсаулық сақтау басқармасы жауап берді.

Олардың дерегінше, 26 ақпанда түскі уақытта жедел жәрдемнің көмегіне Атырау тұрғыны жүгінген. Ол дене қызуының жоғарылағанын айтқан.

Келіншек жақында ғана Таиландтан келгендіктен, медицина қызметкерлері оған арнайы костюм киіп барған. Себебі ақ халаттылар Қазақстанның бас санитар дәрігері бекіткен ережеге сай солай баруға міндетті.

Басқарманың айтуынша, қала тұрғынын барлық сақтық шараларын сақтай отырып, аурухананың оқшаулау бөлмесіне жеткізген.

Әйелге тез арада сараптама жасалып, оған ЖРВИ диагнозы қойылды. Коронавирус белгілері анықталмаған.

Мамандар қазіргі таңда өңірде қауіпті ауру жұқтыру дерегі тіркелмегенін атап өтті.

Еске сала кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке коронавирусқа қатысты жан-жақты сақтық шараларын қабылдауды тапсырған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Арнайы қорғаныш киім киіп келген ақ халаттылар атыраулықтарды таңырқатты (видео)
Mailfire view pixel