RU

ІІМ армениялық көліктерді тіркеудің екі нұсқасын ұсынды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде ел аумағындағы армяндық көліктер иесінің мүддесін қорғайтын белсенділердің қатысуымен кездесу өтті. Бұл жиында Қазақстанға осындай көліктерді кіргізу ережесі, оларды ел аумағында тіркеу жолдары айтылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

fdnjjj

Көрнекі фото: pixabay.com

Ведомствоның ақпаратынша, Арменияның ЕАЭО-ға кірген кезде басты талаптардың бірі - жеңілдікті баж салығы бойынша елге кіргізілетін барлық автоны тек солардың аумағында ғана пайдалану болды.

Сонымен бірге, қазақстандықтар автомобильдерді Арменияның азаматтары ретінде тіркегені және бұл нормалардың бұзылуы екендігі айтылды.

Қазақстанда автокөліктердің одан әрі жүруі үшін бірқатар алымдар мен баждарды төленетіні ескерілмеген. Сонымен қатар, көліктердің барлығы ЕАЭО техникалық регламенттеріне сәйкес болуы керек.

Армян нөмірі бар көлік құралдарының иелерінің мүддесін қорғаушылар техникалық регламенттерге қарамастан, қазақстандықтарды біздің елде автомобильді тіркеу үшін төленуі керек төлемдерден босатуды сұрады.

Сонымен бірге, белсенділер осы жылдың 1 наурызынан бастап жеке тұлғаларға Армениядан автомобильдер әкелуге тыйым салуды немесе олар үшін кемінде 3 миллион теңге мөлшерінде сақтандыру мөлшерін белгілеуді ұсынды.

Бұл үшін билік заңнамалық нормаларды ескере отырып, автомобильдерді тіркеудің өз нұсқаларын ұсынды.

fdnjjj

ІІМ армениялық көліктерді тіркеудің екі нұсқасын ұсынды

Мемлекеттік органдардың өкілдері түсіндіргендей, автомобильдер қауіптіліктің жоғары көзі, сондықтан олар техникалық регламенттерге сәйкес келуі керек.

Бұл мәселе бойынша пікірталастар жалғасатыны атап өтілді.

Еске сала кетсек, 22 қаңтарда екі мыңға жуық армениялық көліктің өз еліне қайтарылғаны белгілі болды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
ІІМ армениялық көліктерді тіркеудің екі нұсқасын ұсынды
Mailfire view pixel