Мұхтар Жәкішев бостандыққа шығады
Жарияланған күні:
"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев бостандыққа шығатын болды. Сот оның мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Сот отырысы 3 наурыз күні Семейдегі №2 сотта, таңғы 10-да басталды. Жәкішев сот залында болмады. Колониямен видеобайланыс жасалған.
"Қазатомөнеркәсіптің" экс-басшысы мерзімінен бұрын босату туралы өтініштің осымен үшінші рет қаралып жатқанын айтты. Ол қазіргі заңнамаға сәйкес шешім қабылдауды өтінді.
Сотта сөз сөйлеген колония өкілі тұтқынның үлгілі тәртібін айтып, оны мерзімінен бұрын босатуға болатынын жеткізді.
Нәтижесінде сот оны босату туралы шешім шығарды. Мұхтар Жәкішев 2 айдан кейін бостандыққа шығады.
Еске сала кетейік, "Қазатомөнеркәсіп" ҰК бұрынғы басшысы 2010 жылы 14 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Оған сеніп тапсырылған мүлікті жұмсау және пара алды деген айып тағылған.
Айта кетейік, Жәкішев осымен үшінші рет мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беріп отыр. Оның шартты түрде мерзімінен бұрын босату жайлы өтініші екі рет қабылданбаған болатын.
Жақында ғана ел президенті "Қазатомөнеркәсіп" экс-басшысына қатысты пікір білдіріп, шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы шешімді сот қана қабылдайтынын айтып, шешім әділ боларына сенім білдірген еді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843671-mhtar-zkisev-bostandykka-sygatyn-boldy/