RU

Қазақстанға шетелден оралғандар өз үйлерінде оқшаулана бастады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда адамдар өз үйлерінде оқшаулана бастады. 353 азамат 1Б санатына жататын "қолайсыз" елдерден келген. Енді олар бас санитар дәрігердің жаңа ережесіне сәйкес, үйлерінде карантинге алынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

коронаи

Көрнекі фото: Sputnik / Алексей Мальгавко

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы 1 наурыздан бастап күшіне енді.

Соған сәйкес, егер азаматтар 1Б санатына жататын Оңтүстік Корея, Жапония, Италия және Қытай (Гонконг, Макао және Тайвань) елдерінен келсе, онда олар екі апта бойы үйлерінде оқшаулануы керек.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда 353 адам үйлерінде оқшауланған. Олардың бесеуінің дене қызуы жоғары және ЖРВИ белгілері бар.

Сондай-ақ, ереже бойынша 20 ақпаннан бастап Қазақстанға 1 А санатына жататын Қытай мен Ираннан келгендер дене қызуының не болмаса вирус белгілерінің бар-жоғына қарамастан медициналық мекемеге міндетті карантинге жіберіледі. 1А санаты бойынша бүгінде 298 қазақстандық оқшауланды.

Жалпы қазіргі таңда температура мен ЖРВИ белгілері шетелден келген 33 адамнан анықталды. Олардың бәрі ауруханаға жатқызылды.

5 адам 1Б санатына жататын елдерден келді. 21 адам 2-санатқа жататын Сингапур, Таиланд, Әзірбайжаннан оралды. Тағы 7 адам 3-санатқа жататын Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Бахрейн, Кувейт, Малайзия мен Испаниядан келген.

ҰҚК шекара қызметінің хабарлауынша, ақпан айында Қазақстан шекарасынан 1,5 млн адам өткен. Оның 900 мыңы ЕАЭО елдеріне келген.

Ал Қытайдан Қазақстанға 6 қаңтар мен 29 ақпан аралығында 32 мың адам оралған.

Еске сала кетсек, ел билігі Қазақстанда коронавирус анықтала қалған жағдайда әрекет ететін "Б" жоспарын жасағаны хабарланды.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанға шетелден оралғандар өз үйлерінде оқшаулана бастады
Mailfire view pixel