RU

Израильде ойыншықтар дүкеніне барған оқушы коронавирус жұқтырып алды

Израильде ойыншық сататын дүкенге барып келген мектеп оқушысы коронавирус жұқтырып алған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Рамблерге сілтеме жасап.

Мектеп оқушысы ойыншықтар дүкенінде коронавирус жұқтырды
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

9-сынып оқушысы Ор -Йехуда қаласындағы ойыншықтар дүкенінде вирус тасымалдаушылармен байланыста болған соң инфекцияны жұқтырып алған.

Ол оқыған мектеп тоғызыншы сынып оқушылары үшін сабақты тоқтатқан. Шамамен 1150 оқушы карантинге жіберілген.

Коронавирус, сондай-ақ, аталған дүкенде болған орта мектеп директорының орынбасарынан да анықталған. Бүгінде Израильде коронавирус жұқтырудың жалпы 15 жағдайы тіркелген.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы мәліметтер бойынша, әлемде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 90 мыңнан асқан. Үш мыңнан астам адам қайтыс болған.

Вирус Қытай, Оңтүстік Корея, Иран және Италия елдерінде кең тарап жатыр. ЕО елдерінде екі мыңға жуық адам ауырып, 38-і көз жұмған. Олардың дені – Италия азаматтары.

Сондай-ақ, күні кеше басылым беттерінде Оңтүстік Кореядағы Қазақстан азаматынан коронавирус анықталғаны жайлы мәлімет тарады.

Бұл ақпаратқа қатысты еліміздің сыртқы істер министрлігі пікір білдіріп, мәліметтің расталмағанын мәлімдеді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/1843924-izrailde-ojynsyktar-dkenine-bargan-okusy-koronavirus-zktyryp-aldy.html