Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Оңтүстік Кореядағы Қазақстан азаматынан коронавирус анықталды

Опубликовано:

Оңтүстік Кореядағы Қазақстан азаматынан коронавирус анықталды. Бұл жаңалық отандық Хабар 24 телеарнасының ресми сайтында хабарланған еді. Алайда азғантай уақыттан соң ақпарат жоғалып кетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Телеарна ұсынған ақпаратқа сәйкес, жерлесіміздің дертке шалдыққаны туралы Ансонг қаласының полицейі мәлімдеген.

Ол әлеуметтік желіде қазақстандыққа іздеу салынғаны туралы жазба қалдырған. Арна тілшісі құзырлы орган өкілімен байланысқа шығып, мән-жайды сұрап біліпті.

Полицей ақпаратты растап, санитарлық дәрігерлердің қашып кеткен Қазақстан азаматын іздеп табуды өтінгенін айтқан. Мәлім болғандай, ол тест тапсырып болған соң әжетханаға сұранып, артынша қайта оралмаған.

Хабар 24 ақпараты бойынша, полиция қызметкері отандасымыздың аты-жөнін атаған. Ол осыдан екі күн бұрын COVID-19 бойынша тест тапсырған. Қазақстан азаматы Гунпо қаласынан Ансонг қаласына жуырда қоныс аударған.

Ақпараттың сайттан неліктен жоғалып кеткені белгісіз.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін әлемнің бірнеше мемлекетіне жетіп үлгерген қауіпті індетке төтеп бере алмайтын адамдардың категориялары анықталған болатын.

Сондай-ақ, бүгін Украинада пневмонияның қауіпті түрін жұқтырған алғашқы адам тіркелді. Вирус жұқтырған адам Черновицкий облысында тұрады. Жақында ғана Италиядан келген отбасы мүшелерінен коронавирус белгілері байқалған.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1843786-otstik-koreadagy-kazakstan-azamatynan-koronavirus-anyktaldy/

pixel