Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында бес ай бұрын жоғалған 14 жастағы қыз табылды

Жарияланған күні:

Түркістан облысында бес ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен 14 жастағы оқушы қыз табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ zakon.kz-ке сілтеме жасап.

законнын материкало
Көрнекі фото: pixabay.com: Twitter

2019 жылдың қазанында Түлкібас аудандық полиция бөліміне өңірдегі мектеп интернаттың тәрбиешісі оқушының із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлаған.

Аталмыш факт бірден тіркеуге алынып, іздеу жұмыстары басталған.

Осы уақытқа дейін аудандық полицейлер кәмелет жасына толмаған қызды іздеу жұмыстарын тоқтатпаған. Жедел қызмет тобы оның болуы мүмкін жерлердің бәрін қарап, тиісті басқа да шараларды қол алған.

"Жоғалған оқушыны іздеу жұмыстарына Түлкібас АПБ мен Түркістан облысы ПД басқа да бөлімдері атсалысты. Тоғызыншы сынып оқушысы кешкі астан соң тәрбиешінің көмекшісінен дәретханаға баруға сұранған, алайда сол күйі кері оралмаған", - дейді полиция.

Бес ай өткен соң жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер оқушыны Шымкенттен тауып, ата-анасына тапсырған. Бүгінгі күні оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ.

Жасөспірімнің айтуынша, ол осы уақытқа дейін Шымкентте жұмыс істеген. Қазіргі таңда Түлкібас АПБ полицейлері оқиғаның мән-жайын анықтау үстінде.

Еске сала кетейік, 22 қаңтарда Алматы облысында екі мектеп оқушысының із-түзсіз жоғалғаны туралы ақпарат тарады.

21 қаңтар күні таңертең мектепке кеткен 12 және 14 жастағы оқушылар үйлеріне сол күйі оралмаған.

Жедел-іздестіру шараларының арқасында екі қыз Алматыдағы жалдамалы пәтерлердің бірінен табылған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844271-trkistan-oblysynda-bes-aj-bryn-zogalgan-14-zastagy-kyz-tabyldy/