RU

Италияда ауқымды карантин енгізілді: ол 16 млн адамды қамтиды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Италия билігі коронавирус өршіген елдің солтүстік өңірлерінің карантинге жатқызылғанын жариялады. Бұл жерлерге ешкімді кіргізіп, шығармайды. Жалпы карантин аймағында кем дегенде 16 млн адам бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: ЕРА / Andrea Merola

Фото: ЕРА / Andrea Merola

Оқшаулау шаралары енгізілгені туралы Италияның премьер-министрі Джузеппе Конте мәлім етті. Карантин аймағы Ломбардия әкімшілік облысын толығымен, сондай-ақ елдің басқа облыстарындағы 14 провинцияны қамтиды. Осылайша, бұл аймаққа әйгілі Милан мен Венеция қалалары да кірді.

Премьер-министр аталған өңірлерге кіріп-шығуға ғана емес, сондай-ақ карантин аймағының ішіндегі қозғалысқа да шектеулер қойылатынын жеткізді. Бұдан бөлек, мұражайлар, тау шаңғы шипажайлары, бассейндер, спортзалдар, түнгі клубтар мен бұқаралық және мәдени шаралар өткізілетін өзге де орындар жабылады.

Карантин аймағына кірген адамдарға мүмкіндігінше далаға шықпауға кеңес берілді. Карантин тәртібін бұзғандарға үш айға дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

Аталған аймақтағы барлық спорттық іс-шаралар көрерменсіз өтеді. Шектеулер кемінде 3 сәуірге дейін сақталмақ.

Еуропа елдерінің ішінде коронавирустан едәуір зардап шеккен – Италия. Соңғы деректерге сәйкес, Италияда шамамен 5900 адам қатерлі дертті жұқтырған, ал қаза болғандар саны 230-дан асты.

Айта кетейік, бұған дейін жалпы алғанда әлем бойынша 100 мыңнан астам жанның коронавирус жұқтырғанын, ал осы дерттің салдарынан 3,4 мың адамның қайтыс болғанын жазғанбыз.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Италияда ауқымды карантин енгізілді: ол 16 млн адамды қамтиды
Mailfire view pixel