Қазақстанда валюта бағамы өзгергеннен кейін азық-түлік бағасы қандай болмақ
Жарияланған күні:
Ұлттық экономика министрі елімізде азық-түлік пен электорника бағасының қалай өзгеретінін айтып берді. Руслан Дәленовтың пікірінше, доллар бағамы азық-түлікке әсер етпеуі тиіс, бағаны өзгертуге қатысты барлық сөз байласулардың жолы кесіледі деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ведомство басшысы Қазақстанда сатылатын азық-түліктің басым бөлігі – жергілікті өнімдер екенін мәлімдеді. Сол себепті доллар бағамы жергілікті тауарлардың бағасына әсер етпеуі тиіс.
Алайда, бағаны өзгертуге қатысты сөз байласулар тауарлар бағасына әсер етуі мүмкін. Дәленов мұндай бағаны көтермелеу әрекеттерінің жолы кесілетініне уәде берді. Басында кәсіпкерге ескерту жасалады, ал егер бағалардың жасанды жолмен көтермеленуі тоқтатылмаса – қатаң тексеріс жүргізіледі.
Доллар бағамы электроника мен дәрі-дәрмек бағасына әсер етеді, бірақ бұл әсер "көп бағытты" болмақ.
"Бұндай жағдай 2009 және 2016 жылдары басымыздан өткен", – деп мәлімдеді министр.
Дегенмен, оның пікірінше, Қазақстанда электроника бағасы қатты өзгермейді. Әлемдік компаниялар елдің жергілікті нарығындағы сұраныстар мен мүмкіндіктерді алдын ала есептеп, содан кейін ғана бағаны белгілейді.
Жалпы, дәрі-дәрмектер бұрын жасалған келісім-шарттармен бағаның ауытқуынан сақталған. Бағаның өзгеруі барлық дәрі-дәрмекке болмаса да, олардың басым бөлігіне қатысты.
Айта кетейік, бұған дейін ұлттық экономика министрі ақшаны қандай валютада сақтау керектігі жөнінде кеңес берген еді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/1844655-kazakstanda-valuta-bagamy-zgergennen-kejin-azyk-tlik-bagasy-kandaj-bolmak/