Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ДДСҰ коронавирусты пандемия деп ресми түрде мәлімдеді

Жарияланған күні:

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы COVID-19 вирусын пандемия деп жариялады. Бұл турал KAZ.NUR.KZ РИА Новости-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Global Look Press/Keystone Press Agency/Miguel Candela
Фото: Global Look Press/Keystone Press Agency/Miguel Candela: Instagram

Ресми мәлімдемені Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус 11 наурызда Женевада өткен брифинг барысында жасаған.

Гебреисустің айтуынша, жақын арада вирустан көз жұматындар мен инфекция жұқтыратын елдер саны артады деп күтілуде.

Коронавирусқа қатысты әлем бойынша соңғы деректерге сүйене отырып, ұйым COVID-19-дың пандемия ретінде сипатталуы мүмкін деген тұжырымға келген.

Онлайн дайджестке сәйкес, бүгінгі күні коронавирус инфекциясы 114 елде расталған.

Қауіпті дертті жұқтырғандардың саны 121 мыңнан асады. Аурудан 4,3 мыңнан аса адам қайтыс болған.

Сонымен қатар, 66 мыңға жуық науқас вирустан жазылып шыққан.

Одан бөлек, басылым Ресейде коронавирус жұқтырудың 28 жағдайы тіркелгенін жазды.

Айта кетейік, соңғы рет адамзатты қамтыған пандемия 2009 жылы болған. Ол кезде вирус ел арасында H1N1 яғни "шошқа тұмауы" атауымен таралған еді.

Еске сала кетейік, бұған дейін Тедрос Аданом Гебреисус коронавирустың салдарынан туындауы мүмкін пандемия індеті туралы айтқан еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1844937-dds-koronavirusty-pandemia-dep-resmi-trde-mlimdedi/