RU

20 жастағы бойжеткен "Қазақ аруы-2020" атанды (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда танымал продюсер Баян Алагөзованың ұйыдастыруымен өтетін жыл сайынғы "Қазақ аруы" байқауы өз мәресіне жетті. Биыл бұл атақ 20 жастағы Алматы облысының тумасы Нарқыз Айдароваға бұйырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/muzdi. Коллаж KAZ.NUR.KZ

Фото: Instagram/muzdi. Коллаж KAZ.NUR.KZ

Tengrinews.kz-тің мәліметінше, оңтүстік астанада өткен сұлулық байқауында 19 ару бағын сынаған.

Ақылына көркіне сай қыздардың арасынан бас жүлдені Алматы облысының намысына қорғаған 20 жастағы Нарқыз Айдарова иеленді.

Оған тәжді байқаудың өткен жылғы жеңімпазы павлодарлық Сәния Темірханова табыс еткен.

Байқау қорытындысы бойынша, бірінші орынды 19 жастағы алматылық Аяжан Тойбазар алған.

Екінші орынды қарағандылық ару Аяжан Мубарак иеленген.

Үшінші орын Зере Молдабековаға бұйырды. 18 жастағы бойжеткен Алматы қаласының атынан өнер көрсеткен.

Еске сала кетейік, бұған дейін 32 жастағы елордалық тележүргізуші Арай Әлімхан "Әлем ханымы" байқауында "Мінсіз әйел" титулын жеңіп алғанын хабарлаған едік. 96 нәзік жанды бағын сынаған сайыста Арай 13 орынды иеленген.

Екі баланың анасы қуанышты жаңалығымен өзінің желідегі парақшасында бөліскен болатын.

Айтуынша, байқауға қатысуға бастапқы кезде батылы жетпеген. Себебі үлкен жауапкершіліктен қорыққан. Сонымен қатар Арай сыртқы келбеті байқаудың ережелеріне сай келмейді деп ойлаған екен. Дегенмен бағын сынап көруге шешім қабылдап, нәтижесінде "Мінсіз әйел" титулын иеленген.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
20 жастағы бойжеткен "Қазақ аруы-2020" атанды (фото)
Mailfire view pixel