Тоқаев коронавирусқа байланысты халыққа мәлімдеме жасады
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемия деп жарияланған соң, үкіметтің арнайы алдын алу шараларын қолға алғанын хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы президент өзінің Twitter желісіндегі парақшасында мәлімдеді.
"ДДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады. Үкімет арнайы алдын алу шараларын қолға алады. Қоғамдық іс-шаралар уақытша тоқтатылады. Азаматтар азық-түлікпен және ең қажетті тауарлармен үздіксіз қамтылады. Шағын және орта бизнес зардап шекпеуі тиіс. Ең бастысы – азаматтарымыздың денсаулығы. Біз қиыншылықтарды #Birge еңсереміз", - деп жазды мемлекет басшысы.
Еске сала кетсек, 11 наурызда Женевада өткен брифингте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебреисус COVID-19 вирусын пандемия деп жариялаған еді.
Гебреисустің айтуынша, жақын арада вирустан көз жұматындар мен инфекция жұқтыратын елдер саны артады деп күтілуде.
Коронавирусқа қатысты әлем бойынша соңғы деректерге сүйене отырып, ұйым COVID-19-дың пандемия ретінде сипатталуы мүмкін деген тұжырымға келген.
Онлайн дайджестке сәйкес, бүгінгі күні коронавирус инфекциясы 114 елде расталған.
Дертті жұқтырғандардың саны 121 мыңнан асады. Аурудан 4,3 мыңнан аса адам қайтыс болған.
Сонымен қатар, 66 мыңға жуық науқас вирустан жазылып шыққан.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1845003-tokaev-koronaviruska-bajlanysty-mlimdeme-zasady/